НҰР-СҰЛТАН, 03 наурыз. Өткен жылы Ресейде 34 лаңкестік шабуылдың алды алынды, деп мәлімдеді Ұлттық терроризмге қарсы комитет аппараты басшысының бірінші орынбасары Игорь Кулягин, деп хабарлайды РИА Новости .
Сонымен қатар, лаңкестік сипаттағы тағы 23 қылмыстың жолы дайындық кезеңінде кесілді. Сондай-ақ қауіпсіздік қызметкерлері лаңкестік шабуылдар мен үкімет шенеуніктеріне шабуыл жасауды жоспарлаған тыйым салынған ұйымдардың 78 ұяшығын әшкереледі.
«32 бандит бейтараптандырылды. Оның ішінде 9 көшбасшы бар. 41 көшбасшы, 241 содыр және лаңкестерге көмек көрсеткен 606 адам ұсталды», — деді Кулягин.
Қылмыстар саны азаюда
Бұған дейін президент Владимир Путин Ресейдегі лаңкестік қылмыстардың саны азайып бара жатқанын айтқан болатын: былтыр олардың саны төрт болды, 57-нің алды алынды.
Мұндай қылмыстардың санатына тек шабуылдарды дайындау фактілері ғана емес, сонымен бірге лаңкестік ұйымдарға тарту, лаңкестікке шақыру және кепілге алу кіреді.
Мемлекет басшысы Санкт-Петербургтегі лаңкестік шабуылдың алдын алуға көмектескені үшін АҚШ-қа алғыс айтты. ФТБ ұсынған ақпарат жаңа жыл мейрамдарында шабуылдар дайындап жатқан екі ИМ (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) жақтаушысын ұстауға көмектесті .