Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Федералды тергеу бюросы: «Ата жолы» сектасының үш басшысына үкім шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, Челябі облысында Коркино қалалық соты «Орда» деген атаумен белгілі  оккультті-мистикалық «Ата жолы» сектасының үш басшысына үкім шығарды. Олардың кесірінен облыста тұратын 43 жасар әйел ауыр психикалық сырқатқа шалдыққан. Үкім туралы Федералды тергеу бюросы (ФТБ) хабарлады, деп gossluzhba.kz хабарлайды. 

Сотталушылар денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және азаматтардың жеке басына және құқықтарына қол сұғатын коммерциялық емес ұйым құру үшін кінәлі деп танылды. Олар қатаң режимдегі колонияда екі жылдан бастап екі жыл екі айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Оларға қатысты іс жәбірленушінің қызының шағымы бойынша қозғалды.

ФТБ-ның мәліметінше, сектаны ұйымдастырушылар ізбасарларына дұғалармен «емделуді» ұсынды, есеңгірететін құралдарды түтіндетіп, денелерін қамшымен ұрып, басқа да оккультті әдістерді қолданды.

Қазақстанда «Ата Жолы» қызметіне 2009 жылы сот тыйым салған. 2014 жылы Челябі облыстық соты оны азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін ұйым деп таныды және оның аймақтағы қызметіне тыйым салды, деп хабарлайды interfax.ru.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *