НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз. Түркия мен Нидерландтың есірткіге қарсы полиция бөлімшелерінің бірлескен операциясының нәтижесінде 2384 кг героин тәркіленді. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлуға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады.
Оның айтуынша, операция Қазақстан, Германия, Польша, Нидерланды және Түркияның аумағын қамтыды.
Осылайша, Түркияның шығыс шекараларындағы бірқатар елдерден Еуропаға есірткі жеткізетін арна тоқтатылды.