НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз. Тунис астанасында болған жарылыстан алты адам зардап шекті, деп 6 наурызда Тунис Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Жарақат алған бес полиция қызметкерінен басқа, бір тұрғын да жарақат алғандығы нақтыланды.
Еске сала кетейік, Тунистегі шабуыл Америка елшілігі жанында жасалған. Көлікте келе жатқан лаңкес жарылғыш затты жарып жіберді.
Жанкешті лаңкес қайтыс болды. Зардап шеккендер әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған.