Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Миналау туралы хабардан кейін Теміртаудағы сауда үйінен 400-ден астам адам эвакуацияланды

ТЕМІРТАУ, 07 наурыз. 7 наурыз күні сағат 13: 10-да Теміртау қаласының полиция басқармасының  кезекші орталығына «Одежда» сауда үйінде жарылғыш зат бар деген  хабарлама түсті , деп zakon.kz жазады.

Сауда үйінің жұмысшысына белгісіз біеур телефон соғып, ғимаратқа бомба қойылғанын айтты.

Теміртау қаласының полиция бөлімінің жедел кезекшілері оқиға орнына барлық жедел қызметтерді жіберді.

Ғимараттан 400-ден астам адам эвакуацияланды, оның ішінде 70 техникалық қызметкер. Полиция қызметкерлері сауда үйін тексеріп шықты, бірақ жарылғыш зат таппады.

14: 50-де «Жұмысты тоқтату» командасы берілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273- бабы бойынша (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері қоңырау шалушыны анықтау бойынша жедел шараларды жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *