НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. 7 наурыздан 8 наурызға қараған түні белгісіз бір топ содырлар Камерунның батыс аймағындағы Галим елді мекеніндегі полиция бөлімшесіне шабуыл жасады, кемінде 5 адам қаза болды. Бұл туралы елдің қауіпсіздік күштері өкіліне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
Өкілдің айтуынша, бұл топ шамамен 20 адамнан құралған. Олар мотоциклмен жүріп оқ жаудырған. Нәтижесінде 2 полицей, 2 жандарм және 1 қамалған қаза тапты. Оқиға орнынан қашып кетпес бұрын, содырлар полиция мен жандармдардың кейбір қарулары мен оқ-дәрілерін де тартып алған.
Әзірге бұл шабуыл үшін ешқандай топ немесе жеке адам жауапкершілікті мойнына алған жоқ.