НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Буркина-Фасоның солтүстігінде болған шабуылдарда кемінде 43 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Кеше белгісіз біреулер шабуылдарды ұйымдастырды, деп хабарлайды БАҚ үкіметтің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Шабуыл Буркина-Фасоның солтүстігіндегі Мали шекарасына жақын орналасқан екі ауылға жасалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Буркина-Фасоның солтүстігіндегі ауылға жасалған шабуыл салдарынан 20 адам қаза тапқаны туралы хабарланған. Оқиғадан кейін ауыл мен оның маңындағы тұрғындар елдің солтүстік-орталық аймақтарына қашып кетті.