НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз. Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясының Ховджа-Гар аймағында жұма күні болған қақтығыста үш содыр қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полиция офицері Нур Мохаммадқа сілтеме жасап « Синьхуа» ақпарат агенттігі хабарлады .
Шенеуніктің айтуынша, қақтығыс полиция таңертең ерте Хавджа-Гар аймағындағы «Талибандардың» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) бақылау бекетіне шабуыл жасағаннан кейін басталды, нәтижесінде үш содыр қаза тапты, ал қалғандары оқиға орнынан қашып кетті.
30 минутқа созылған қақтығыста тағы екі талибан жарақат алды, деп хабарлады полиция офицері.
Шенеуніктің айтуынша, полиция қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.