НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз. Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз провинциясында жексенбі күні таңертең «Талибан» қозғалысы содырларының шабуылы нәтижесінде төрт әскери қызметкер мен 24 содыр қайтыс болды, тағы 27 адам жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті үкімет өкіліне сілтеме жасап хабарлады .
«Жексенбі күні содырлар Имам Сахиб, Арч және Хан-Абад аудандарының маңындағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасады, содан кейін қиян-кескі ұрыс болды», — деді Синхуа тілшісі Эсматуллах Муради.
Бұл қақтығыстар кезінде қауіпсіздік күштерінің алты қызметкері, екі бейбіт тұрғын және 19 содыр жарақат алды.