Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақмола облысында террористік акті туралы жалған ақпарат берген адам іздестірілуде

КӨКШЕТАУ, 21 наурыз. Ақмола облысында террористік акті туралы жалған ақпарат берген адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін наурыздың 21-де сағат 18:15 полицияға Зеренді аудандық ауруханасының жедел жәрдем стансысының фельдшері хабарласып, «103» арнайы желісі арқылы медициналық мекемеге жарылатын зат қойылғаны туралы хабар түскенін айтты.

Дереу оқиға орнына ПД бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин, жергілікті атқарушы органдар, аудан прокуратурасы, жедел тергеу тобы және өзге қызметтер жетті. Тәртіп сақшылары медициналық мекеменің қызметкерлері мен науқастарды, яғни, 66 адамды эвакуациялады», — дейді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, саперлер ауруханадан жарылғыш затты таппады. Эвакуацияланған адамдар жұмыс орны мен палаталарына қайтты.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 273 бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Жалған ақпарат беріп, жұртты дүрліктірген адамды анықтап, ұстау бойынша жедел іздестіру шарасы жүргізілуде», — деп толықтырды ведомстводан.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *