НҰР-СҰЛТАН, 01 сәуір. Краснодардағы Октябрь аудандық соты Кубаньдағы ФҚҚБ-мен ұсталған Краснодар қаласында лаңкестік шабуылды дайындауға қатысы бар деген күдікпен Ресей азаматын екі айға қамауға алды. Бұл туралы ТАСС соттағы дереккөзге сілтеме жасап жазады.
«Оған қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», — деді сот.
27 наурызда РФ ФҚҚ қоғаммен байланыс орталығы ФҚҚ Краснодардағы жоспарланып жатқан лаңкестік шабуылдын алдын алды. Ұсталған 27 жастағы Ресей азаматынан жарылғыш зат тәркіленді және Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ) халықаралық лаңкестік ұйымының мүшелерімен хат-хабарлар табылды.