НҰР-СҰЛТАН, 02 сәуір. Тверь облысының Калинин ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды, оны ұйымдастырған екі күдікті ұсталды. Бұл туралы Ресейдің ІІМ ресми өкілі Ирина Волкқа сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлайды .
«Заңсыз өндіріс Тверь облысының Калинин ауданындағы үй шаруашылығының аумағында болған. Арнайы операция барысында жедел қызметкерлер Ресей гвардиясымен бірлесе отырып, ғимараттардың бірінен килограмнан астам мефедрон, сондай-ақ 2400 литр реактивтер тапты. Заңсыз әрекеттерді ұйымдастырды деген екі күдікті ұсталды. Есірткі заттардың өндірісінде қолданылатын жабдықтар , оның ішінде химиялық синтез қондырғысы мен реактор тәркіленді», — деді ол.
Аталған факті бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30 бабы, 228.1 бабы («Есірткі заттарын заңсыз өндіруге, сатуға немесе өткізуге дайындық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды.