НҰР-СҰЛТАН, 02 сәуір. Өзбекстан Ауғанстан көшбасшыларының инклюзивті келіссөз тобын құру туралы келісімін қолдайды және мұны ішкі саяси дағдарысты бейбіт жолмен шешу жолындағы шешуші қадам деп санайды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа ақпараттық агенттігі хабарлады .
«Осы кезеңде бұрын қол жеткізілген зорлық — зомбылық пен қарулы қақтығысты тоқтату туралы уағдаластықтарды іске асыру,»Талибан» қозғалысын (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қоса алғанда, барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жалпыұлттық ауғанаралық диалогына көшу маңызды болып табылады», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызда Ауғанстан үкіметі елдегі жағдайды саяси реттеу туралы тәлібтермен тікелей диалог үшін 21 адамнан тұратын делегацияны құрған болатын.