ТҮРКІСТАН, 09 сәуір. Түркістан облысының полицейлері есірткі сатқан тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Төлеби ауданының тұрғыны шағымданып, танысының есірткі сатып жүргенін хабарлаған. Сөйтіп оны әшкерелеуге көмектесетінін жеткізген.
Төлеби ауданының полицейлері бұл деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) тіркеді.
Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ-ның және Түлкібас АПБ қызметкерлері бірлесіп күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына газетке оралған төрт дана өсімдік тектес есірткі типтес затты 6 мың теңгеге сатқан күдіктіні ұстады. Сараптама оның кептірілген марихуана екенін растады. Салмағы 14 граммнан асты. Есірткі сатушының жеке-басы анықталып, ол қасақана есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдап, оларды сату арқылы өткізгені белгілі болып, өзінің іс-әрекетімен ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабында көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны белгілі болды. Түркістан облысының полицейлері азаматтарды заң аясында тыйым салынған заттарды қолданбауға шақырады. Оны қолдану, сақтау, сатудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын ұмытпаңыз.