НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір. Есірткіден талай адамның өмірі қиылды. Нашаны жаппай қолданудың соңы қайғылы жағдайға әкеп соғады. Тек бір жылдың ішінде 47 мың адам есірткінің кесірінен бақилық болды, деп 24.kz жазады.
АҚШ марихуана сатуға рұқсат берілген. Шөптің бұл түрін саудалау осы кезге дейін АҚШ-тың 11 штатында заңдастырылды. Тіпті Вашингтон, Колорадо, Орегон, Мичиган, Невада, Нью-Джерси, Калифорнияда марихуана тұтынуға тиым жоқ. Ал, биылғы бірінші қаңтардан бастап бұл шөптің саудасы Иллинойс штатында да заңдастырылды.
«Меніңше, марихуананы сату заңды болу керек. Егер барлығы стандартқа сай болса, халықтың қауіпсізігі де қамтамасыз етіледі. Сатудың нақты ережелері бар. Сондықтан заңдастыру арқылы қауіп-қатерден құтыламыз деп ойлаймын», — деп кәсіпкер Брайан Стив ойымен бөлісті.
«Марихуананы заңдастыру ісінде мұқият болған жөн. Себебі ол қауіпті. Әсіресе, жастарға. Жас буын жаппай есірткіге елігіп кетуі кәдік. Шынтуайтына келгенде, шөптің бұл түрі де зиянды әрі қауіпті», — деді , қала тұрғыны.