НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір. Германияда лаңкестік топтың төрт мүшесі ұсталды, деп Der Spiegel журналына сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды.
Полиция Солтүстік Рейн-Вестфалияда төрт тәжік азаматын қамауға алды деп хабарлады.
Мигранттар ИМ лаңкестік ұйымына (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) қатысты деп күдіктенеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, келушілер Сириядағы жоғары деңгейдегі шенеуніктермен, сондай-ақ лаңкестік ұйымның басқа аймақтық филиалдарымен байланыста болған.
Тергеушілер бұл топ алдымен Тәжікстанға бармақшы болып, үкіметке қарсы күреспекші болғанын болжайды. Оның орнына олар Германияда шабуыл жасауды ұйғарды. Лаңкестердің нысанасы АҚШ-пен байланысты ұйымдар, сондай-ақ исламға күрт қарсы шыққан қоғамдық адамдар болды.
Сондай-ақ, лаңкестік ұйым мүшелері интернет арқылы жарылғыш заттарды жасауға қажетті заттарды алып үлгергені хабарланады.