НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір. Содырлар Баграмадағы әуебазаның жергілікті жұмысшыларына шабуыл жасады, деп TOLOnews-ке сілтеме жасап АфТАГ хабарлайды.
Шабуыл бес бейбіт тұрғынның өмірін қиды, тағы төрт адамды жарақаттады, дейді Парван провинция кеңесінің мүшесі Итмат Момади.
Жұмысшылар шабуыл кезінде көлікте болған, содырлар анықталған жоқ, шабуыл үшін жауапкершілікті әлі еш топ өз мойнына алған жоқ.