Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір. Орталық Лусон аймағындағы Аурора провинциясында солшыл идеология ұстанушы көтерілісшілердің шабуылынан екі сарбаз қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды. Бұл туралы Филиппин армиясының өкіліне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .

7-ші жаяу әскер дивизиясының өкілі Армадо Гутьеррес шабуыл сейсенбі күні Маниланың оңтүстік-шығысында орналасқан Аурора провинциясындағы ауылда болғанын хабарлады .

Әскери қызметшілер коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты енгізілген шектеулі шаралардан зардап шеккен ауыл тұрғындарына қаржылық көмек көрсеткен үкіметтік топтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауылға аттанған.

«Ауылға келгеннен кейін әскери қызметшілер жергілікті тұрғындардан олардың орналасқан жеріне жақын маңайда қарулы қарақшылардың бар екендігі туралы ақпарат алды», — деді А. Гутьеррес.

Оның айтуынша, әскери қызметкерлер Жаңа халық армиясының көтерілісшілері туралы ақпаратты тексеру үшін тиісті орынға барған. Алайда олар бір сағатқа созылған ұрысты бастап, оқ жаудырды. Соңында үкімет әскері көтерілісшілерді қашуға мәжбүр етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *