Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Талибан» содырлары АҚШ-пен келісімге қол қойғаннан кейін шамамен 3000 шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. «Талибан» радикалды қозғалысының жақтастары ақпан айының аяғында АҚШ-пен келісімге қол қойылғаннан кейін 2 804 шабуыл жасады. Бұл туралы сенбі күні Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Джавид Файсал мәлімдеді, деп TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Наурыздың басынан бастап 19 сәуірге дейін тәлібтер 2 804 шабуыл жасады», — деді Файсал.

«Шабуылдардың салдарынан 789 бейбіт тұрғын қаза тауып, жараланған».

«Орта есеппен тәлібтер күніне 55 шабуыл жасайды», — деді ол. «Осы уақыт аралығында  «Талибанның» 2 737 содыры өлтірілді немесе жарақанттанды».

29 ақпанда Дохада АҚШ мен тәлібтер арасында бейбіт келісім жасалды. Келісімдерге сәйкес, ауғанаралық кеңестер 10 наурызда басталуы керек еді. Сенімді нығайту шаралары аясында ауған аралық келіссөздер басталғанға дейін 5000-ға жуық «Талибан» жақтаушылары мен радикалдардың қолындағы 1 мыңға жуық адамды босатылуы керек деп келісілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *