Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҚО биылғы үш айда 27 есірткі қылмысы ашылды

ОРАЛ, 29 сәуір. Батыс Қазақстан облысында бірнеше тұрғын есірткі заттарымен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 1994 және 1983 жылғы тұрғындары қолға түсті.

Олардан сұр-жасыл түсті есірткі заты салынған 13 сіріңке қорабы және тұз түріндегі синтетикалық есірткі бар екі қағаз орама тәркіленді.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша Орал қаласы полиция басқармасы ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігіне (есірткі заттарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз айналысу) сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде.

Сол секілді Бәйтерек ауданының 1972 жылғы тұрғынының мекенжайынан есірткі заты салынған қағаз орама, 1,5 және 0,5 литрлік екі пластикалық құты, көкнәр дәндері салынған пакет, 3 өсімдік бұтасы табылды. Шаруашылық ауласынан да осындай заттар тәркіленді.

Бұл дерек бойынша Приурал полиция бөлімі ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігіне және 300-бабы 1-бөлігіне (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес тергеуді бастады.

БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлішер Сарының айтуынша, биылғы үш айда 27 есірткі қылмысы ашылса, соның 12-сі өткізуге қатысты.

Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 20 адам ұсталса, соның бесеуі есірткі сатқан.

Барлығы 7 кг 642 грамм есірткі мен психтроптық заттар тәркіленсе, соның ішінде 7 кг 627 грамм – марихуана, 7,35 грамм – гашиш, 1,4302 грамм – экстракциялық апиын, 5,86 грамм – синтетикалық есірткілер.

Сондай-ақ 45 қылмыстық құқықбұзушылықтың беті ашылса, соның 44-і – ҚР ҚК 296-бабының 1-2 бөлімдеріне, біреуі – 303-баптың 1-бөліміне қатысты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *