Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Жусан» операциясы аясында қайтарылған балаларды әлеуметтендіру жұмыстары жалғасуда — Бибігүл Асылова

НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова лаңкестік әрекет аймақтарынан оралған балаларды әлеуметтендіру жұмыстары туралы айтты, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап KAZISLAM хабарлайды.

«Бүгінде білім беру ұйымдары лаңкестік әрекет аймағынан оралған барлық балалармен  кешенді жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда 198 мектеп жасындағы балалар іс жүзінде білім беру ұйымдарына тіркеліп, қашықтықтан білім алуда. Олармен мектеп психологтары мен педагогтары, сынып жетекшілері жұмыс істейді, бекітілген жауапты тұлғалар бар», — деді Бибігүл Асылова Сенаттың жалпы отырысында депутаттар сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол сонымен қатар министрлік бұл жұмысты үнемі қадағалап отыратындығын атап өтті.

«Жергілікті жерлерде жүргізілетін барлық іс-шаралар кешеніне келетін болсақ, қазіргі уақытта бізде барлық аймақтарда сапаны бақылау жөніндегі аумақтық бөлімдер бар. Бұл балалармен жұмыс бақылауға алынады. Бұл процесс Білім және ғылым министрлігінің тұрақты бақылауында.Заңнамадағы түзетулер бізге осындай көмек көрсету ережелерін әзірлеуге және бекітуге мүмкіндік береді. Бізде реттеудің заңнамалық негізі болады», — деп толықтырды Бибігүл Асылова.

Соғыс аймақтарынан 447 бала мен 164 әйел қайтарылғандығы айтылды.

Сенаттың пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралғанын атап өткен жөн. Заң жобасында лаңкестік  әрекеттерден зардап шеккен балаларды оңалту тәртібін анықтау үшін Білім және ғылым министрлігіне құзырет беру қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *