Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Талибан» босатылған содырлардың саны келіссөздерді бастау үшін жеткіліксіз деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр. «Талибан» (ҚР тыйым салынған ұйым)  кем дегенде 300 тұтқынның босатылуына жауап беріп,қамаудағыларды босатудың қазіргі қарқынын ауғанішілік келіссөздерді бастау үшін жеткіліксіз деп атады. Бұл туралы АфТАГ жазады.

«Соңғы 3 күнде Kбл Адмир түрмелерінен біздің қамауға алынған 300  тұтқынымыз босатылды, біз бұны құптаймыз», — деп «Талибан» қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым)   саяси бөлімінің өкілі Сухейль Шахин Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Алайда бұл жеткіліксіз — бұл процесті тездетіп, тұтқындарды коронавирустан сақтап, ауғанішілік келіссөздердің ертерек басталуына жол ашылуы керек», — деп қосты Шахин.

Дүйсенбі күні  Ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК) үкімет жексенбі күні кешке Пуле-Чархи түрмесінен «Талибанның» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) 98 содырын босатқанын хабарлады .

Үкімет қамаудағылардың денсаулық жағдайын, жасын және қалған қамау мерзімін, сондай-ақ бейбітшілік процесін қолдау және коронавирустың таралуына қарсы тұру жөніндегі күш-жігерді ескергені атап өтілді.

Тағы 98 тұтқын босатылғаннан кейін Ауғанстан үкіметі жалпы алғанда 748 «Талибанды»  түрмеден босатты, делінген құжатта.

ҰҚК өкілі Джавид Файсал бұған дейін үкімет сенбі күні  98 талибан тұтқындарын түрмеден босатты деп мәлімдеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *