Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерде «Боко Харам» тобының кем дегенде 50 содыры жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. Ниамейден келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Нигер мен Нигерияның құрама күштері жексенбі күні Нигердің оңтүстік-шығысындағы Диффа провинциясында «Боко Харам» экстремистік тобының кемінде 50 содырын жойды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады .

Мекеме мәлімдемеде әскери қызметкерлер жексенбі күні түстен кейін Диффа провинциясындағы ауылдардың бірінде «Боко Харамның» 10 көлігін басып алған делінген. Тараптар бір біріне оқ жаудырған, кем дегенде 50 содыр өлтірілді.

2002 жылы құрылғаннан бері «Боко Харам» тобы Чад көлі бассейнінде бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерге жиі шабуыл жасап, Нигер, Нигерия, Чад, Камерун және басқа елдердің қауіпсіздігіне қатер төндірді. 2016 жылдың шілдесінде Нигер, Нигерия, Чад және Камерун «Боко Харамға» қарсы бірлескен әрекеттерді бастады.

Естеріңізге сала кетейік,  1-2 мамырда өткізілген операциялар кезінде «Боко Харам» тобының кем дегенде 134 содыры өлтіріліп, тағы 16 хабарлаушысы  ұсталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *