НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. Ауғанстан қауіпсіздік күштері елдің оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында «Талибанға» (ҚР тыйым салынған ұйым) қарсы ауқымды операция өткізді, нәтижесінде он талибан жойылды, алтауы жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
Провинция полициясының өкілі Мохаммад Заман Хамдардтың хабарлауынша, Ауғанстан әскері мен полициясы сейсенбі күні кешке Над-Али ауданында бірлескен операцияны бастаған. Қауіпсіздік күштері «Талибан» содырларының баспаналарына шабуыл жасады, нәтижесінде он талибан қаза тауып, алтауы жараланды.
Тінту барысында біріккен қауіпсіздік күштері 20 жерүсті минаны тауып, зиян келтірмейтіндей қылып, содырлардын 38 әскери нысанын жойды. Бұл ретте қауіпсіздік күштерінің бірде-бір қызметкері қаза тапқан немесе жараланған жоқ.
«Талибан» қозғалысы бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.