НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр. «Боко Харам» лаңкестік тобының (Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйым) кем дегенде 20 содыры Нигерия армиясының мүшелерімен жойылды, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Қақтығыс Нигерияның солтүстігіндегі Борно штатындағы Бама қаласының жанында болды деп хабарланады. Атыс кезінде 20 лаңкес жойылып, қалған содырлар қашып кетті. Әзірге Нигерия қарулы күштерінің өкілдері бұл оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Бұған дейін хабарлағандай , 5 мамырда Нигерияның Қорғаныс министрлігі арнайы операция кезінде «Боко Харам» тобының (Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйым) 134 содырының жойылғандығы туралы хабарлады. Операция 1 мамырда елдің солтүстік-шығысында өткізілді.