Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының дала қолбасшысы мен оның оққағарлары жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр. Дүйсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Джаузджан провинциясында «Талибан» қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым)  маңызды дала қолбасшыларының бірі Әли Мурад және оның екі оққағары  өлтірілді. Бұл туралы провинция әкімшілігінің ресми өкілі Абдул Маруф Азарға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .

«Әли Мурад басқарған содырлар тобы дүйсенбі күні таңертең Акча аймағындағы бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасауды жоспарлады, алайда қауіпсіздік күштері алдын алу операциясы барысында талибандардың жиналған тобына соққы берді, нәтижесінде үш содыр, оның ішінде Әли Мурад да  өлтірілді», — деп хабарлады А. М. Азар.

Оның айтуынша, операция барысында тағы бес содыр жарақат алған.

Шенеунік атыс кезінде бір қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын, тағы біреуінің жараланғанын растады.

Әли Мурадтың жойылуы Джаузджан провинциясы мен оның маңында орналасқан «Талибан» қозғалысының  (ҚР тыйым салынған ұйым) содырларына ауыр соққы болуы мүмкін .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *