Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ҰҚШҰ бітімгерлерінің тұрақты орналасу орындарына оралуы жалғасуда

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар.ҰҚШҰ құрамындағы Ресей бітімгерлері Алматыдан Мәскеу облысындағы «Чкаловский» әуежайына ұшып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгершілік күштері құрамындағы ресейлік бөлімшелер Ресей әскери-көлік авиациясы ұшақтарына әскери техниканы тиеп, Алматыдан ұшып шықты», делінген хабарламада. Армения, Беларусь және Өзбекстаннан келген бітімгерлер 14 қаңтарда еліне оралды. Барлық бітімгер […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактағы түрік базасына зымыран атылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар. Ирактың Найнава провинциясында орналасқан түрік армиясының әскери базасы жексенбіге қараған түні зымырандық шабуылға ұшырады, деп Ирактың Shafaq news порталы хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Порталдың ақпараты бойынша, Мосул қаласының солтүстік-шығысындағы Зликан түрік әскери базасы аймағында үш зымыран жарылған. Провинцияның күш құрылымдары өкілінің айтуынша, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Семейде есірткі зертханасы жойылды

    СЕМЕЙ, 16 қаңтар. 2022 жылғы 15 қаңтарда Семей қ. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы «А» деген азаматты ұстап, УҰИ-ға қамады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 5 кг «а-PVP» психотроптық заты, 50 кг синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлар және зертханалық жабдық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: Террористік қауіп деңгейлерін белгілеу туралы

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі  хабарлайды, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» №611 Жарлығының талаптарына сәйкес терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық және қалалық жедел штабтар басшыларының шешімімен 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап еліміздің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ бітімгерлері елден 23 қаңтарға дейін толық шығарылады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар. Бүгін де бітімгерлердің біразы еліне қайтты. Алматы әуежайынан бірнеше ұшақ Ресейге аттанды, деп хабарлайды Хабар 24 агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Кеше сарбаздардың алды Ресейдің Иваново әуежайына жеткенін айтқан едік. Сол жерге Армения, Беларусь және Тәжікстан әскерилері де барып, одан әрі өз елдеріне кетеді. Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының бітімгерлерін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ақмола мен Қостанай облыстарында төтенше жағдай режимі алынып тасталады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар. Қазақстанның тағы екі облысында төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын алынып тасталады, деп Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Ақмола және Қостанай облыстарының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылдың 15 қаңтарында 07 сағат 00 минуттан бастап жойылады, деп хабарлайды Ақорда. Бұған дейін президенттің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • 1999 жылғы ауқымды лаңкестік әрекеттің қатысушысы Өзбекстанға экстрадицияланған

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Жедел уәкілдер ТМД елдерінің бірінде «Түркістанның ислам қозғалысы*» лаңкестік ұйымының  Өзбекстаннан шыққан мүшесін ұстады. Ол 23 жыл бойы іздеуде болған. Қазір ол өз еліне экстрадицияланды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан UzA ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Белгілі болғандай, ер адам 1967 жылы Ташкент облысында дүниеге келген. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Владимир облысында ұсталған ИМ мүшесі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Сот 2020 жылдың қарашасында Владимир қаласының маңында Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* (ИМ) террористік  ұйымының ұяшығына қатысқаны үшін ұсталған Орталық Азия аймағындағы республикалардың бірінің азаматын 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл қылмыстық ұяшық Мәскеу аймағында теракт жасауды жоспарлаған, деп Владимир облысы бойынша ФҚҚБ баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде Сирия мен Ирактағы лаңкестерді қаржыландырды деген күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Мәскеуде тергеушілер Сирия мен Ирактағы лаңкестік ұйымды қаржыландырды деген күдіктіні ұстады, деп Мәскеу бойынша Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванова мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша Бас тергеу басқармасының тергеушілері мен жедел уәкілдерінің бірлескен жұмысы барысында қылмыс […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: шекарашылар департамент ғимаратын сақтап қалды және прокуратура қызметкерлерін эвакуациялады

    АЛМАТЫ, 14 қаңтар. 2022 жылғы 5 қаңтарда шоқпар, дыбыстық граната және арматурамен қаруланған 500-ге жуық адам ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің ғимаратын басып алмақ болды. Периметр бойымен орналасқан бейне камераларды істен шығарған шабуылшылар ғимарат ішіндегі қаруға қол жеткізуді көздеді, деп  ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Департаменттің […]
    • 3 Years ago
    • 0