Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Аш-Шабаб» содырлары Сомалидің орталығындағы қаланы басып алды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан.  «Аш-Шабаб» террористік тобының содырлары Сомали орталығындағы стратегиялық маңызды Элдире қаласын басып алды. Қала Галмудуг жартылай автономиялық штатының әкімшілік орталығы Дусамаребтен небәрі 30 шақырым жерде орналасқан,  деп Сомалидің Hiiraan жаңалықтар порталы хабарлайды. Бұл туралы  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Өткен түні үкімет күштері Эльдирден кетіп, оған «Аш-Шабаб» […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен!

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан.  «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің командасы отандастарымызды еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтайды! Осыдан 30 жыл бұрын, 1991 жылдың 16 желтоқсанында егемен және тәуелсіз Республика — Қазақстан жаңа тарихына қадам басты.  Бұл Отанының тағдыры үшін жауапкершілік сезімімен біріккен бүкіл Қазақстан халқы үшін басты күн. Тәуелсіздік күні — әрбір қазақстандық үшін маңызды оқиға, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Йеменнің солтүстігінде мина жарылысынан үш бейбіт тұрғын ажал құшты 

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. Йеменнің солтүстігіндегі Әл-Джауф провинциясында минаның жарылуы салдарынан үш бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы үшеуі жараланды, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, мина Мариб-Әль-Джауф тас жолында азаматтық көлік жолында жарылды. Йемен үкіметі мен ираншыл «Ансарулла» қозғалысы бұл мәселеге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ. Правительство […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Шереметьево әуежайында 20-дан астам ұшақ «миналанған»

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. Белгісіз біреу Шереметьево әуежайында 20-дан астам ұшақтың «миналануы» туралы хабарлады. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап Zakon.kz жазады. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, Шереметьево әуежайында 20-дан астам ұшақ миналанғаны туралы хабарламадан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілген.  «Әуежайдың электрондық поштасына (Шереметьево. – Ред.) 21 ұшақтың миналануы туралы анонимді хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта қауіпсіздік шаралары […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Шымкент әуежайы бомба қойылғаны туралы хабарламадан кейін эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. Шымкент әуежайында жарылғыш зат салынғаны туралы хабарламадан кейін адамдарды эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Қазаэронавигацияға» сілтеме жасап. Ақпаратқа сәйкес, Шымкент әуежайының электрондық поштасына әуежайды миналау туралы хат түсіп, адамдарды эвакуациялау басталған. «2021 жылдың 15 желтоқсанда сағат 02.00-де Шымкент әуежайының электрондық поштасына әуежай ғимаратын миналау туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіпке сәйкес, барлық қызметтер ескертіледі. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Колумбияның Кукута қаласының әуежайында екі жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Жарылыс Колумбияның солтүстік-шығысындағы Венесуэла шекарасындағы Кукута әуежайында болды, деп Caracol телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  «Жойқын жарылыс салдарынан Кукута әуежайындағы рейстер тоқтатылды. Жарылыс бірнеше үйді зақымдады», — деп атап өтті арна. Телеарнаның ақпараты бойынша, ұшып-қону жолағында жарылғыш заты бар ер адам байқалды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Германияда мешітке шабуылдаған 11 адам тергеуге алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан.  Германияның Лейпциг қаласында Дін Істері Түрік-Ислам Одағы қарасты Эйюп Сұлтан мешітіне бір топтың қатты заттар мен отшашумен жасаған шабуылына байланысты 11 адамның ұсталғаны хабарланды, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Радикал солшыл көзқарастағы 100-150 адамнан тұратын топтың кеше түнде шыққандары бір шерудің кейін Эйюп Сұлтан мешітін нысанаға алып жасаған шабуылында ғимаратқа материалдық зиян келді. Эйюп Сұлтан мешіті бірлестігінің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі қос террорлық шабуылда Африка Одағының әскери миссиясының 4 сарбазы құрбан болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан. Сомалидегі «Аш-Шабаб» лаңкестерінің қос жарылысы салдарынан елдегі Африка Одағы Миссиясы құрамындағы (AMISOM) төрт Бурунди әскері қаза болды. Бұл туралы аты- жөнін жасырғысы келген AMISOM өкіліне сілтеме жасап «Anadolu» агенттігі хабарлайды . Оның айтуынша, жарылыс Орталық Шабелле провинциясындағы Махадай қаласының ауданында болған. Бір күн бұрын Сомалидің Джоухар қаласында лаңкестер ұйымдастырған жарылыс салдарынан бір […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Серпухов монастырының аумағында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан. Ресейдің Серпухов қаласында православтық гимназияда жарылыс болды, деп Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ресейдің Мәскеу облысының Серпухов қаласының әйелдер монастырінде жарылыс болды. Бомбаны православтық классикалық гимназияның 18-жастағы түлегі жарған. Осыған байланысты оқытушылар мен оқушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті полицейлердің айтуынша, қаскөй оқу орны ғимаратының ішіне кіріп, өзін жармақ болған. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жат ағымдардың дәстүрлі исламнан ерекшеліктері неде?

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Тәуелсіздікті жариялаумен қатар келген діни ақпараттық соғыстың зардабын енді ғана мойындағандай болдық. Атеистік қоғамнан шыққан Қазақстан экономикалық тоқырауда тұрмыстық мәселелерді реттеуге күш салды. Жанұямды «Бүгін қалай тойдырсам екен» деп жүрген ата-ана мұңы «балалары немен айнылысады, кімдермен достасып жүргенін» қадағалауға мұрсат болмады. Бұл көрінбейтін жасырын топтардың сасық пиғылына оңтайлы жағдай жасады. Қазақстан жастарына […]
    • 3 Years ago
    • 0