Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сирияның солтүстік-батысында террористтердің шабуылында үш адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Сирияның Тель-Рыфат аймағынан террористер Афринге шабуылдады. КЖП ( YPG/PKK)  террористтердің зымыранмен шабуылында үш адам қаза тапты.  Қаза тапқандардың біреуі – бала.  Шабуыл барысында төрт адам жарақат алды, деп TRT хабарлайды. Хатай әкімшілігі террористтердің Тель-Рыфат аймағынан Африн орталығына Түркия уақытымен сағат 14.30-да 13 зымыран атқанын білдірді. Зымыран шабуылынан кейін үш адамның қаза тапқаны анықталды.  […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан қорғаныс министрі Ахмад Масуд: Біз Ауғанстанды тәліптерден азат етеміз

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Ауғанстанның Панджшер провинциясында Талибан радикалды қозғалысының жасақтары мен ауған сарбаздарының арасында қақтығыс жүріп жатыр. Ауғанстан қорғаныс министрі Ахмад Масуд Батыс елдерінен ауған сарбаздарына қару бер деп өтініш жасады. Ахмад Масудтың жасаған өтінішін Washington Post жарыққа шығарды, деп Адырна порталы жазады.  Washington Post өзінің мақаласында Ахмад Шах Масудты ауған халқының ержүрек батыры, нағыз көшбасшы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Жыл басынан СҚО-да заңсыз айналымнан 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды

    ПЕТРОПАВЛ, 18 тамыз. СҚО-да полицейлермен жыл басынан 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері облыс орталығының 22 жастағы тұрғынынан ірі көлемде синтетикалық есірткі алды. Ер адамның айтуынша, есірткі затын Telegram мобильді қосымшасы арқылы өзі пайдалану үшін сатып алған. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісіне Петропавл қаласының […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Еуропалық Одақ Талибанмен байланыс орнатуға дайын екенін мәлімдеді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жоғары комиссары Джозеп Боррель «Ауғанстанда Талибан соғыстан жеңіспен шықты және олармен сөйлесуіміз керек» деді.Бұл туралы TRT хабарлайды. Боррель ЕО Сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс видео конференция жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.  «Талибан соғыстан жеңіп шықты және олармен сөйлесуіміз керек» деді ол.  Ол Талибанның адам құқықтары және БҰҰ […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Дағыстан тұрғыны «Ислам мемлекетіне»  ант бергені үшін 11 жылға сотталды 

    НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Оңтүстік аудандық әскери соты Дағыстан тұрғынын Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» * террористік ұйымына қатысқаны үшін кінәлі деп тапты. Бұл туралы «Интерфаксқа» сілтеме жасап «Российская газета» интернет –порталы хабарлайды. Тергеу 2020 жылдың ақпанында сол кезде Ставрополь өлкесінде болған ер адамның халықаралық террористік ұйымның басшысына ант бергенін  анықтады. Айыпталушы өзінің үндеуін ұялы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде  сатқаны үшін Благовещенск тұрғыны ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Полиция Амур облысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні жеткізуді ұйымдастырған Благовещенск қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы Ресей Ішкі істер министрлігінің Амур облысы бойынша басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .  «Амур облысында, Амурмаңына аса ірі көлемде синтетикалық есірткі жеткізуді ұйымдастырған азаматтың қызметі тоқтатылды <…> Ол есірткіні облыс аумағында интернет арқылы және […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Молла Абдул Ғани Бирадер: Осындай табысқа осыншама тез уақытта жететінімізді күтпеп едік

    НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз.Талибанның Катардағы Саяси кеңсе басшысы Молла Абдул Ғани Бирадер Ауғанстанда мақсаттарына осыншама тез жететіндерін күтпегенін айтты.Бұл туралы TRT жазады.  Молла Абдул Ғани Бирадер Талибанның Кабул сынды ірі қалаларда билік құруына байланысты мәлімдеме жасады. «Осындай табысқа осыншама тез уақытта және жеңіл жететінімізді күтпеп едік» деді ол. Ол «Өркөкірек болмауымыз керек.  Бұдан бұрын еш басымызға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БҰҰ Бас хатшысы Талибан мен басқа  да тараптарды тыныштыққа шақырды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ауғанстандағы оқиғаларға «алаңдап» отырғанын білдіріп, Талибан мен басқа  да тараптарды тыныштыққа шақырды, деп TRT хабарлайды.  БҰҰ Бас хатшылық секретариатының хабарламасына қарағанда, Гутерриш қақтығыстар барысында мыңдаған адамның үйлерінен кетуге мәжбүр болғанын және адам құқықтарын бұзушылық хабарлары келіп жатқанына назар аударды.  Ол Ауғанстанда әсіресе қыз балалар мен әйелдердің жағдайына алаңдайтынын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ЕО елдерінің СІМ басшылары Ауғанстан бойынша шұғыл бейнеконференция өткізеді

    НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз. Еуроодақ (ЕО) Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Джозеф Боррель мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің ертең Ауғанстандағы жағдайды талқылау үшін бейнеконференция арқылы бас қосатынын жариялады, деп TRT хабарлайды.   Джозеф Боррель өзінің Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Ауғанстан тоғысқан жерде. Ауғанстан азаматтарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қоса халықаралық қауіпсіздік те маңызды» деді. Боррель ЕО […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Францияның Конституциялық Кеңесі «сепаратизмге қарсы» заңын мақұлдады

    НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз. Францияның Конституциялық кеңесі «сепаратизмге қарсы заң» деп аталатын «Республикалық принциптерді күшейту туралы» резонансты заң жобасын мақұлдады, деп жазады Анадолу  агенттігі. Көптеген бақылаушылардың пікірінше, құжат елдегі мұсылман қауымдастығының құқықтарына нұқсан келтіреді. Заң жобасы Конституциялық Кеңестің қарауына парламенттің төменгі палатасының 60 (577-ден) депутатымен және 60 (348 -ден) сенатормен ұсынылды, делінген кеңес хабарламасында. Заң, екі […]
    • 3 Years ago
    • 0