Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сирия бойынша кезекті кездесу 7-8 шілдеде Нұр-Сұлтанда өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым. 7-8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесу өтеді, деп  Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Kazakhstan хабарлайды. «Алдағы кездесуде кепілгер елдер — Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ирақ пен Ливанның жоғары деңгейдегі өкілдері […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда терроризммен  тағы екі мемлекеттік орган күреседі

    НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым.  Тәжікстан парламентінің төменгі палатасының депутаттары сәрсенбіде «Терроризммен күрес туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжатта Бас прокуратура мен Есірткі саудасымен күрес жөніндегі агенттігі де терроризммен күресетіні айтылған, деп хабарлайды centralasian.org. Тәжікстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитет, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Қаржы полициясы, Ұлттық ұлан және Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі терроризммен күрес жүргізеді. Заң […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Атырау тұрғыны шекарадан заңсыз есірткі тасымалдамақ болған

    ТҮРКІСТАН, 24 маусым. Түркістан полицейлері шекарадан заңсыз есірткі  тасымалдамақ болған Атырау тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сарыағаш АПБ-ның  кезекші бөліміне 102 арқылы  “Жібек жолы” шекара бекетінде заңсыз  есірткі  тасымалдау жайты анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде шетелдіктердің біріне қарай Марика қызметтік иті үріп, белгі бергенін анықтады. Жедел уәкілдер […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Eуропол: 2020 жылы ЕО-дағы террорлық шабуылдардан 20-дан астам адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым.  2020 жылы 20-дан астам адам Еуропалық Одақтағы лаңкестік шабуылдардың құрбаны болды. Бұл туралы Еуропалық полиция агенттігінің (Еуропол) сейсенбіде таратқан есебінде айтылады, деп хабарлайды ТАСС. «Барлығы 2020 жылы ЕО аумағында орындалған, алды алынған  және сәтсіз болған 57 террористік акт тіркелген, — делінген құжатта. — Сонымен қатар, Ұлыбритания 62 террористік оқиға туралы, ал Швейцария […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Владимир Путин: Халықаралық терроризм қауіпі әлі де сақталуда

    НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым.  Ресей президенті Владимир Путин халықаралық терроризм ерекше қауіп төндіріп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. «Халықаралық терроризм әлі де ерекше қауіп төндіреді»,-деді Путин халықаралық қауіпсіздік жөніндегі тоғызыншы Мәскеу конференциясына қатысушыларға құттықтау сөзінде. Ресей президенті сондай-ақ жаппай жою қаруының таралу қаупі, аймақтық қарулы қақтығыстар және трансшекаралық қылмыстың белсенділігі бүгінде үлкен алаңдаушылық тудыратынын атап […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Доминикан Республикасында 260 кг-нан астам кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым.  Доминикан Республикасында есірткінің айналымын бақылау жөніндегі Ұлттық басқарманың қызметкерлері елдің батысындағы Бараона елді мекенінің жанында есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, есірткі басқармасының қызметкерлері есірткі контрабандасына күдік бойынша Венесуэланың екі азаматын ұстау барысында қайықтардың бірінен 263 келі кокаин тәркілеген. Естеріңізге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде жол бойындағы минаның жарылуы салдарынан бес адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым.  Сейсенбі күні кешке Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясының тынышсыз Миванд ауданында жолаушылар автобусы жол бойындағы минаға ұрынып, бес адам қаза тауып, 18 адам жарақат алды. Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті полиция өкілі Джамал Барикзайға сілтеме жасап Синьхуа  агенттігі хабарлады. «Миванд ауданындағы жолға содырлар орнатқан минаға сейсенбі күні кешке жолаушылар автобусы ұрынды. Нәтижесінде бес […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен Қытай СІМ өкілдері терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мәселелерін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым. Бейнеконференция форматында Қазақстан мен ҚХР сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар және Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің отырысы өтті, деп ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды. Іс-шараларда қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, қытайлық делегацияны ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчен басқарды. Саяси консультациялар барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Малидің солтүстігінде содырлар француз әскерилеріне шабуылдаған

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. «Бархан» операциясының құрамындағы француз әскери қызметшілері дүйсенбі күні Малиде белгісіз содырлардың шабуылына ұшырады. Бұл туралы Radio France internationale-ге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп ТҚК РҚБ  ресми сайты жазады. Оқиға елдің солтүстігінде, осы аймақтың басты қаласы Гаоның оңтүстігіндегі Госси ауылында болды. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, динамитке толы автокөлік француз әскерлерінің бекінген бекетіне соғылып, жарылған. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Приморье өлкесінің тұрғыны экстремистік қызметке шақырғаны үшін 2 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Приморье өлкесіндегі Красноармейск аудандық соты жергілікті тұрғынды полицияға күш қолдануға шақырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырды, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап ТҚК РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, көпшілік алдында кешірім сұрады. Сот қылмысты жасағаны үшін О. кінәлі деп танып, <…> электронды немесе ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді, оның […]
    • 3 Years ago
    • 0