Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ТР ІІМ: Наурыз айында 86 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір.Наурыз айында ел көлеміндегі операцияларда 86 террорист залалсыздандырылған, деп Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап  TRT жазады.  Ішкі істер министрінің орынбасары және министрлік мәлімдемешісі Исмаил Чатаклы министрліктің конференция залында «Ай сайынғы баспасөз жиналысында» наурыз айында ұйымдастырылған ішкі қауіпсіздік операцияларында 86 террористің залалсыздандырылғанын мәлімдеді. Чатаклы есірткімен күрес аясында 29 наурыз — 5 сәуір күндері арасында 5 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өскемендегі ГЭС-ті «миналаған» ер адам 2,6 жылға сотталды

    ӨСКЕМЕН, 06 сәуір. Рождество мерекесі қарсаңында 56 жастағы ер адам Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына жүгініп, оның танысы Өскемендегі ГЭС-ке жарылғаш зат орнатылғанын хабарлаған болатын, деп  zakon.kz-ке сілтеме жасап ERNUR.KZ жазады. Дереу полиция қызметкерлері мен тиісті органдар объектіге шығып, ГЭС аумағын тексерді. Алайда хабарлама жалған болып шықты. Мамандар жарылғыш зат таппады. — Сотқа дейінгі тергеу […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Саратов облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмге шақырғаны үшін сот алдына келеді

    НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір. Саратов облысы бойынша ФҚҚ Басқармасы облыс орталығының 34 жастағы тұрғынының заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті. Ер адам интернетте террористік әрекетке шақырды деп күдіктелуде, деп «Саратов24» желілік басылымы хабарлайды. Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел іс-шаралар жиынтығы нәтижесінде көрсетілген адамның «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде аккаунты болғандығы анықталды. Ер адам жаңалықтар лентасында мәтіндік хабарламалар түріндегі мақалаларға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабулдың маңында жол бойындағы минаның жарылуы салдарынан бір сарбаз қаза тауып, тағы төртеуі жараланды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Дүйсенбі күні Кабулдың солтүстік маңында әскери көлік жол бойындағы минаға түсіп, бір сарбаз қаза тауып, төртеуі жараланды. Бұл туралы Синьхуа жаңалықтар агенттігі астаналық полицияға сілтеме жасап хабарлады. Жарылыс  әскери қызметшілері бар көлік Қарабах ауданындағы жолдың бойымен келе жатқан кезде, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 шамасында болды, деп Кабул полициясы БАҚ хабарлады. Жарақат […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Самара облысында героиннің ірі партиясы тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Самара облысының тәртіп сақшылары екі келіге жуық героин тәркіледі. Бұл туралы 5 сәуірде Ішкі істер министрлігінің облыс бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM агенттігі хабарлады. Ставрополь ауданының жол полициясы жүргізушінің құжаттарын тексеру үшін Зеленовка селосының маңында көлікті тоқтатқаны туралы хабарланды. Тексеру барысында тәртіп сақшылары көлік жолаушысының оғаш қылықтарын байқады, сондықтан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҚР ІІМ: Жыл басынан бері 8 есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 05  сәуір.  Жыл басынан бері еліміздің бірқатар өңірінде 8 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар қалаларында, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында 8 есірткі зертханасы анықталып, жойылды. Мәселен, Петропавлда ерлі-зайыптылар синтетикалық есірткі әзірлеумен айналысқан. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның қауіпсіздік күштері ондаған «Талибан» содырын залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір.Ауғанстан қауіпсіздік күштері елдің оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында кем дегенде 75 «Талибан» қозғалысының содырын өлтірді. Бұл туралы Aнадолу агенттігі Ауғанстан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды . Арнайы операцияның нәтижесінде әскери күштер Кандагарда Арғандаб аймағында бақылау орнатты. Кандагар полиция басқармасының хабарлауынша, топтың бірнеше басты командирі өлтірілген. Қорғаныс министрлігі операциялар Забул, Кунар, Нангархар және Тахар провинцияларында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Хабаровск қаласының барлық мектептеріне миналау туралы хабарламалар түсіп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Хабаровск қаласының барлық мектептерінде дүйсенбі, 5 сәуір күні оқу орындарында жарылғыш құрылғылардың болуы мүмкін екендігі туралы анонимді хабарламаларға байланысты бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды, деп хабарлады қала әкімшілігі. Жаңалық жарияланған кезде эвакуацияланған оқушылар мен мұғалімдердің нақты саны белгісіз болды, деп хабарлайды Deutsche Welle. Полиция мен арнайы қызметтер  70 білім ордасының барлығын тексеріп жатыр. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Варшава әуежайында бомба туралы хабарламаға байланысты Turkish Airlines әуекомнаниясының ұшағынан 100 адам эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Стамбулдан Польша астанасына ұшып келген Turkish Airlines әуекомпаниясының ұшағының 100-ден астам жолаушылары мен экипажы бортқа бомба орнатылды  деген ақпаратқа байланысты эвакуацияланды. Бұл туралы Польша баспасөз агенттігіне Шекара қызметінің жергілікті бөлімшесінің баспасөз хатшысы Дагмар Белец-Янас хабарлады, деп ТАСС жазады. «Ұшақты тексеру әлі жалғасуда», — деді ол, әзірге күдікті заттар табылмағанын баса айтты. «Бұл анонимді […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Белгісіз біреу Капитолийге басып кірмек болған:қаза болғандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. АҚШ-тың Вашингтон қаласында бір адам Капитолийге көлікпен басып кірмек болды, деп 24.kz хабарлайды.  Ол ғимарат қоршауын бұзып, екі полицейді басып өткен. Салдарынан офицерлердің біреуі қайтыс болды. Жүргізуші мұнымен қоймай, өзге тәртіп сақшыларына пышақ ала жүгірген. Сол кезде полицейлер оны атып тастапты. Қазір құқық қорғау органдары көлік жүргізушісінің бұл іс-әрекетінің себебін анықтап жатыр. […]
    • 4 Years ago
    • 0