Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның солтүстігінде шабуыл салдарынан 8 полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз.  Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында «Талибан» қозғалысы содырларының қарулы шабуылы салдарынан сегіз полиция қызметкері қаза тапты, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Балх полиция басқармасының өкілі Адилшах Адилдің «Aнадолу» агенттігіне берген мәліметіне сәйкес, тәлібтер Нахри-Шахи аймағындағы Шахрак Түркмания ауылындағы полиция бөлімшесіне қарулы шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан сегіз полиция қызметкері қаза тауып, төртеуі жарақат алды. Тәлібтермен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Швецияда балтамен қаруланған адам мұсылмандарды қорқытты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз.  Швецияның Мальмё қаласында бір адам қолына балта алып қала әкімшілігі автобусында мұсылмандарды қорқытты, деп TRT хабарлайды.  Aftonbladet газетінің хабарына қарағанда балталы адам автобусқа шығып «Исламшылдар қайда? Барлығыңды өлтіремін» деп айқайлағаны білдірілді. Мальмё қаласы полиция басқармасының мәлімдемешісі Олссон балталы адамның қысқа уақытта ұсталғанын және ұсталған кезде де полицияға құқай көрсеткенін айтты.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында жойқын жарылыс салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз.  Сомали астанасы Могадишода жұма күні болған жарылыстан кем дегенде 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігіне  сілтеме жасап ТАСС хабарлады .  «Әзірге біз жарылыс болған жерден 30 жаралы және 20 қаза тапқан адамды шығарып алдық», — деді агенттікке жедел жәрдем өкілі. Куәгерлердің айтуынша, мейрамхананың маңында үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік жарылған. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында «Допинг» ЖАІШ аясында 42 есірткі қылмысы тіркелді

    ТАРАЗ, 05 наурыз. Жамбыл облысының полицейлері «Допинг» жедел алдын алу шарасы барысында 42 есірткі қылмысын анықтады, деп облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  ҚазАқпарат хабарлайды. Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бес күндік «Допинг» шарасы кезінде 42 есірткі қылмысын анықтады. «11 қылмыстың ішінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша — 4 дерек, ҚК 296-бабының […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • РФ Федералдық қауіпсіздік қызметі Калининград облысында террористік актінің алдын алды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 наурыз.  Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Калининград облысындағы энергетика объектісінде террористік актінің алдын алды. Шабуылды, қазіргі билікке деген жеккөрушілік негізінде жоспарлаған, сондай-ақ аймақ тұрғындарын террористік әрекеттерге қатысуға тартқан Ресей азаматы ұсталды, деп РФ ФҚҚ Қоғаммен байланыс орталығы  хабарлады.  «Ұсталғанға қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1 бабы 1.1 бөлімі («Террористік қызметке жәрдемдесу») бойынша қылмыстық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Швецияда тұрғындарға пышақпен шабуылдаған күдікті ұсталды 

    НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз.  Швецияның оңтүстігіндегі Ветланда қаласында белгісіз біреу тұрғындарға пышақ кезеніп, тұтқиылдан тап берген, деп 24.kz хабарлайды. Кейбір ақпарат құралдары қаскүнемнің қолында балта болды деп айтады. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, 20 жастағы күдікті қамауға алынған. Ол 8 адамды жарақаттаған. Абырой болғанда, зардап шеккендердің өміріне төнген қауіп жоқ. Швецияның премьер-министрі Стефан Лёвен бұл шабуылды айыптады. Тергеушілер «террористік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тараздық полицейлер жергілікті тұрғыннан синтетикалық есірткі заттарын тәркіледі

    ТАРАЗ, 04 наурыз. Тараздық полицейлер ер адамнан синтетикалық есірткі заттарын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 25 ақпанында “Допинг” республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамнан “МЕФЕДРОН” (2гр 600мг) және “а-РVР” (1 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тадж-Махал аумағынан мың турист эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз.  Үндістанның Агра қаласындағы (Уттар-Прадеш штаты) Тадж-Махал мавзолейінің аумағынан кем дегенде бір мың турист эвакуацияланған, деп Hindustan Times газетіне сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  БАҚ мәліметінше, полицейлер мұндай қадамға белгісіз ер адамның бұл орынға бомба қойылғаны туралы телефон қоңырауынан соң барған. Тадж-Махал кешенін полиция қоршады. Қазір жарылғыш затты іздеу жұмыстары жүріп жатыр.  
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркия Қауіпсіздік күштері: Елдің ірі қалаларында лаңкестік шабуылдардың алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз.  Түркия ДАИШ террорлық ұйымына қарсы ықпалды күресін жалғастырып отыр.  Өткен айда ел ішіндегі операцияларда ұйымға ауыр соққы енгізілді. Террористтердің жоспарлаған лаңкестіктерінің алды алынды, деп TRT жазады.  Қауіпсіздік күштері Стамбул, Анкара және Адана секілді көптеген қалада қанды лаңкестік жасауды жоспарлаған террористтердің алдын алды. Ақпан айында полиция, жандармерия және шекара қорғаушылары жүргізген жұмыстарда ұйымның «қастандық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Атырауда 27 жасар синтетикалық есірткі сатушысы ұсталды

    АТЫРАУ, 04 наурыз. Атырауда 27 жастағы жігіт өзі жасырған есірткіні тауып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру кезінде Атырау қаласының әр бөлігіне есірткі жасырды деген күдікпен 27 жастағы жас жігітті ұстаған. «Атырау қаласы тұрғынының уақытша мекенжайын тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат, есірткі дозаларын өлшейтін […]
    • 4 Years ago
    • 0