Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркияның екі провинциясында терроризмге қарсы операциялар басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан.  Битлис және Сиирт провинцияларында полиция арнайы жасағы мен жандармерия 1453 мүшесінің қатысуымен терроризмге қарсы Eren операциясының алтыншы кезеңі басталды, деп Түркия ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. «Eren» терроризмге қарсы операциялар 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап КЖП-ның  террористтерін анықтау және жою мақсатында жүргізіліп келеді. Операцияның алғашқы үш кезеңі Тендюрек, Лидже […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркия әуе күштері Ирактың солтүстігінде 10 террористтің көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан. Ирактың солтүстігіндегі Кандил тауы аймағында КЖП-ның  10 содыры залалсыздандырылды, деп Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап TRT жазады. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің (ҰҚМ) Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Кандил аймағында КЖП-ның содырларының анықталғанын білдірді. Мәлімдемеде «Ирактың солтүстігіндегі Кандил тауы аймағында анықталған КЖП-ның 10 содыры  Түрік Қарулы күштері және Ұлттық барлау ұйымының әуе операциясымен залалсыздандырылды» делінді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында апиынмен шекарадан өтпек болған азамат ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 02 ақпан. Сарыағаштық полицейлер екі дана мүшеқапқа есірткі сақтап, шекарадан өтпек болған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сарыағаш АПБ кезекші бөлімінің 102 пультіне “Жібек жолы” шекара бекетінде есірткі контрабандасының жайты анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде шетелдіктердің біріне “Линда” атты қызметтік ит белгі бергенін анықтады. Жедел уәкілдер күдіктіні, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғаныстан астанасындағы жарылыста екі бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан.  Ауғанстанның бас қаласы Кабулда қатарынан жасалған бомбалы шабуылдарда екі бейбіт адам қаза тапты, деп жергілікті полицияға сілтеме жасап TRT хабарлайды.  Кабул полиция дирекциясы мәлімдемешісі Фердевс Фарамарз Джуй Шир және Селим Керуен аймақтарында бомбалы шабуылдар жасалғанын білдірді. Фарамарз шабуыл кезінде 2 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 4 адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Әзірге шабуылдардың жауапкершілігін ешкім […]
    • 4 Years ago
    • 0
  •  Өткен жылы Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 349 келіден астам есірткі тәркіленді

    ҚЫЗЫЛОРДА, 02 ақпан. Қызылорда облысында 2020 жылы заңсыз айналымнан 349 келіден астам есірткі тәркіленген, – деп хабарлайды Polisia.kz. Облыс көлемінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарылған шаралар нәтижесінде өткен жылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты 386 құқық бұзушылық анықталды. Есірткіні өсіру мен сақтау орындарын анықтау, сондай-ақ тасымалдаудың жолын кесу мақсатында шалғайдағы учаскелерге және […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ингушетияда «Имарат Кавказ» террористік қоғамдастығының мүшелері ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан.   «Имарат Кавказ» (Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының шешімімен террористік деп танылды және Ресей Федерациясының аумағында тыйым салынған) террористік қоғамдастығының жетекшілері мен мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде Ресей Тергеу Комитетінің аса маңызды істерді тергеу жөніндегі бас басқармасында Күрейш Джандигов, Ислам Жандигов, сондай-ақ Адам Хашиев ұсталды, деп Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі С.Петренко мәлімдеді. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында героин сатушысы қолға түсті

    ТАРАЗ, 02 ақпан. Жамбылдық полицейлер героин сатқан азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі затын сатқан 57 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның үйінен жалпы салмағы 570 грамм героин есірткісі тәркіленді. Ол 2016 жылы есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс 2 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.   Ауғанстан астанасының Женгелек ауданында дүйсенбіде болған жарылыс екі адамның өмірін қиды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Жергілікті полиция өкілі Фердевс Фарамарз жарылғыш зат әскери көлікке салынғанын хабарлады. Қаза тапқандардың бірі — әскери қызметкер, тағы бір әскери қызметкер жарақат алды. Бүгін Кабулдың төртінші ауданында Бейбітшілік министрлігінің өкілі Хошнуд Набизаденің көлігі жарылды. Зардап шеккендер жоқ. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қостанай автовокзалына «бомба» қойылды

    ҚОСТАНАЙ, 01 ақпан. Қостанай облысы полиция департаменті қызметкерінің электронды поштасына автовокзалға қойылған «бомба» туралы хабарлама түсті. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте облыстық полиция департаментін экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Сембин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2021 жылғы 1 ақпан күні​ полиция департаменті қызметкерінің электрондық поштасына автовокзал аумағына жарылғыш заттың қойылғаны, террорлық акт туралы хабарлама […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияның солтүстік-батысында ДАИШ террористі ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Түркияның солтүстік-батысындағы Ялова провинциясында арнайы операция нәтижесінде  Түркияда қастандық жасауды жоспарлаған ДАИШ-тің содыры ұсталғанын Ішкі істер министр Сүлейман Сойлуға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. «Яловадағы операция сәтті аяқталды.  Полиция басқармасының терроризммен күрес тобы, барлау қызметі, Ялова полиция ұйымын құттықтаймын», — деп жазды министр Twitter-ге.
    • 4 Years ago
    • 0