Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Бағдад базарындағы шабуылды «Ислам мемлекеті» мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Ирак астанасында 21 қаңтарда тіркелген шабуылдан кем дегенде 32 адам қаза тауып, 110 адам жараланды. Екі жанкешті адам көп жиналған базарда өзін жарып жіберген. «Ислам мемлекеті» террористік тобы шабуыл жауапкершілігін мойнына алды.Бұл туралы сentralasian.org хабарлайды.  Билік мәліметі бойынша, жарылыстар Таяран алаңындағы базарда болды. «Ислам мемлекетімен» байланысы бар Amaq жаңалықтар агенттігі telegram-арнасында ұйымның екі мүшесі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҚО тіркелмеген діни бірлестіктің заңсыз қызметі әшкереленді

    ОРАЛ, 22 қаңтар. Оралда тіркелмеген діни бірлестіктің заңсыз қызметі әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің экстремизммен күрес басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, діни бірлестікті құрып, оған басшылық еткен екі тұрғын жауапқа тартылды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 489-бабына сәйкес Орал қаласының 1988 жылғы Н. және 1986 жылғы И. деген тұрғындарына қатысты хаттама толтырылып, әрқайсысына 145 850 теңге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мысырда төтенше жағдай режімі тағы үш айға ұзартылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. 15-ші мәрте ұзартылған төтенше жағдай тәртібі 2021 жылы 24 қаңтардан бастап атқарылады, деп TRT хабарлайды.  Мысыр Мәжілісі «Төтенше жағдайды» ел көлемінде тағы 3 ай ұзарту шешімін мақұлдады. Мысыр Мәжілісінің төрағасы Ханефи Джибали жалпы отырыстағы сөзінде: «Президент Абдулфеттах ес-Сисидің ел көлемінде «Төтенше жағдайды» тағы 3 ай ұзарту жөніндегі шешімі Мәжілісте үштен екі көпшілік дауыспен қабылданды» деді. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сириядағы содырларға қаржылай жәрдем жасаған жиһадшылар Өзбекстанда ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Сырдария облысында тәртіп сақшылары «Жиһадшылар*» экстремистік тобының қызметін тоқтатты . Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан жазады. Тергеу барысында Ресей Федерациясындағы маусымдық жұмыс кезінде топтың екі жетекшісі радикалдардың ықпалына түскені белгілі болды. Олар отанына оралып, халық арасында және әлеуметтік желілер арқылы өздерінің деструктивті идеяларын таратумен айналыса бастады. Олар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-батысында болған содырлардың шабуылы төрт адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Бейсенбі күні Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадуна штатындағы шабуылдар салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы облыстың ішкі қауіпсіздік және ішкі істер комиссары Сэмюэль Аруванға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оқиға Чикун, Гива және Игабидің жергілікті әкімшілік аумағында болды.Чикунда екі адам, Гива мен Игабиде бір-бір адам қаза тапқанын мәлімдеді шенеунік. Естеріңізге сала кетейік, соңғы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыда қоғамдық орындарда есірткіні жарнамалаған екі «суретші» адам ұсталды

    АЛМАТЫ, 22 қаңтар. Алматыда есірткіні жарнамалаған екі адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Күдіктілер – 1994 жылы туған Ч.есімді азамат және 1995 жылы туған Б.азамат трафарет жасап, қоғамдық орындарда қабырғаға аэрозольді бояумен жазбалар қалдырды. Психотроптық заттардың атауы және оларды сатып алуға болатын сайттың мекен-жайы туралы жазылған. – Аудан тұрғындарынан қабырғаларға салынған жаңа жазбалар туралы ақпарат […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Павлодар облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты

    ПАВЛОДАР, 21 қаңтар. Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары есірткі саудасымен айналысқаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Ұйымдасқан қылмыстық топқа сегіз адам кірген, деп Облыстық полиция департаменті  баспасөз қызметіне сілтеме жасап  Pavlodarnews.kz. хабарлайды.   Бұрын сотталған 64 жастағы павлодарлық 2019 жылдың шілдесінде сегіз адамнан тұратын қылмыстық топ құрған. Оның бесеуі — ұйымдастырушының туыстары. Топ еліміздің оңтүстік өңірлерінен Павлодарға есірткі жеткізуді ұйымдастырған. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирак астанасында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар. Бейсенбі күні Ирак астанасының орталығында жарылыс болды.Шабуылдаушы жанкешті үстіндегі жарылғыш жейдесін жарып жіберген, деп TRT хабарлайды.  Ирактың бас қаласы Бағдатта жанкешті шабуылы болды.  Кемінде 28 кісі қаза тапты. 73 адам жарақат алды. Ирак үкіметіне қарасты Бағдат операциялар қолбасшылығы жазбаша хабарлама жариялап, Бағдатта Таяран алаңында жанкештінің жарылыс жасағанын білдірді. Соңғы хабарламаға қарағанда, Ішкі істер министрлігі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Атырауда есірткі сататын сайттарды жарнамалаған азаматша құрықталды

    АТЫРАУ, 21 қаңтар. Атырау полицейлері есірткі сататын сайттарды жарнамалаған азаматшаны құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау қаласында белгісіз біреудің үй қабырғалары мен қақпаларына есірткі мен психотроптық заттарды насихаттайтын бірнеше сайттың атауын жазып, жарнамалағаны анықталды. 12 қаңтар күні полиция қызметкерлері осы істі жасауға күдікті 33 жастағы азаматшаны анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 299-1-бабының 1-бөлігімен  […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеу түбінде мектепте лаңкестік шабуыл жоспарлаған жасөспірімдер ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар.  Құқық қорғау органдары, алдын ала мәліметтер бойынша Мәскеу түбіндегі Люберцы қаласындағы мектептердің бірінде теракт дайындап жатқан екі жасөспірімді ұстады, деп төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Мәскеу түбіндегі Люберцы ауданында, болжалдап айтқанда  Люберцы қаласындағы мектепте теракт жасауды дайындаған екі жасөспірім ұсталды», — деді агенттіктің сұхбатшысы. Ол жастардың интернетте хат […]
    • 4 Years ago
    • 0