Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жамбыл полицейлері 50 жастағы тұрғынды заңсыз есірткі затын тасымалдағаны үшін ұстады

    ТАРАЗ, 21 желтоқсан. Жамбылдық полицейлер есірткі затын заңсыз иемденіп, сақтап және тасымалдаумен айналысқан Түркістан облысының 50 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеу барысында күдікті Шу ауданының аумағында кендір қурайлардың көп өсетіндігін біліп, оны аса ірі көлемде жинап, жасырып, өзімен бірге алып кетуді […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өскеменде есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити жойылды

    ӨСКЕМЕН, 21 желтоқсан. Өскемен қаласында полиция қызметкерлері есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити-суретті жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «ВИКИНДА» қоғамдық қорының және ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен бірлесіп, нашақорлықтың алдын алу және психотроптық заттардың таралуын болдырмау мақсатында Өскемен қаласының көшелерінде рейд жүргізді. «Шаһардағы түрлі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Украинада құны 12 миллион доллар болатын ірі кокаин партиясы тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. «Старокозачье» халықаралық өткізу бекетінде (Одесса облысы) Украинаның құқық қорғау органдарының қызметкерлері  54 кг кокаин бар жүкті тоқтатты, деп Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА  хабарлады. Украинаның  «Южный теңіз портына»  есірткі заттары Эквадордан жеміс-жидек салынған контейнермен келді.  «Құқық қорғау органдарының қызметкерлері «элиталық есірткінің» соңғы жеткізі пункті ЕО елдерінің бірі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркия қорғаныс министрлігі: бір айда 75 лаңкес залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Соңғы айда Түрік Қарулы Күштерінің терроризмге қарсы операциялары аясында тыйым салынған қарулы ұйымдардың 75 содыры жойылды. Бұл туралы Түркия қорғаныс министрлігінің жексенбі күнгі хабарламасында айтылған, деп жазады Анадолу агенттігі. Жалпы есепті кезеңде Түркия көлемінде және шет елдерде 45, оның ішінде тоғызы ірі ауқымды операция өткізілді. Сирияның солтүстігінде де лаңкестермен белсенді күрес жалғасып […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда 3 ай ішінде 500 бейбіт тұрғын лаңкестердің құрбаны болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан.Ауғанстанда үш ай ішінде 500 бейбіт тұрғын «Талибан» қозғалысы содырларының шабуылының құрбаны болды, ал 1050-ден астам адам жарақат алды, деп Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Тарык Арйенге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Тарык Арйеннің айтуынша, тәліптер елдің әртүрлі аймақтарында шабуылдарын жалғастыруда. Бейбіт тұрғындарды өлтіру — бұл әскери қылмыс, деп баса айтты Арьен. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстан терроризм қаупі бойынша елдер рейтингінде  93-орын алды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Терроризм қаупінің деңгейі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 135 елдің ішінде 93-орынға ие болды, деп хабарлайды Елорда Инфо energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. Индекс 0,901 құрады, бұл көрсеткіш өте төмен тәуекел деңгейіне жатады. Индекс мәні неғұрлым жоғары болса, елде қақтығыстар мен террористік актілер жиірек болады. Егер индекс нөлге тең болса, елде терроризм қаупі жоқ дегенді білдіреді. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда жанкешті лаңкестік шабуыл жасады, 3 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан.Нигерияның Борно провинциясындағы теракт үш адамның өмірін қиды, деп Анадолу агенттігіне қауіпсіздік күштеріндегі дереккөз хабарлады. Кондуга ауданында жанкешті лаңкестік шабуыл жасады, салдарынан үш адам қаза тапты, алтауы жараланды. Шабуыл үшін жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Алайда, бұл шабуылды «Боко Харам» лаңкестері жасаған болуы мүмкін.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тараз қаласында есірткі жарнамалайтын граффити-суреттер өшіріліп, интернет-парақшалар бұғатталды

    ТАРАЗ, 20 желтоқсан. Жамбылдық полиция қызметкерлері облыс әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлерімен және еріктілермен бірге тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына кодтық сөздер мен байланыс нөмірлері жазылған граффиттилерді өшірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Іс-шара нәтижесінде бір күннің ішінде қала бойынша 100-ден астам жазба жойылды. Сондай-ақ, Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет желісіне күнделікті […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыс сегіз бейбіт тұрғынның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Жексенбі күні Ауғанстан астанасының 5-ші полиция округінде болған жарылыстан сегіз бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Министрліктің хабарлауынша, жарылыс бүгін таңертең Кабулдың 5-ші полиция округіне қарасты Спин-Кули маңында болған, салдарынан «сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • СҚО-да «спайс» синтетикалық есірткіні сатқан адам қамалды

    ПЕТРОПАВЛ, 20 желтоқсан. Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі сатқан адам темір торға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты “спайс” деген атпен белгілі синтетикалық есірткіні дайындап, өткізумен айналысқан 27 жастағы Петропавл қ. тұрғынын жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол көктемде полицияның назарына іліккен. Шілде айында мұқият жедел бақылауда […]
    • 4 Years ago
    • 0