Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысы өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша.  ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев 17 қараша күні бейнеконференция форматында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысына қатысты, деп  Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Іс-шараға Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Патрушев, Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы А.Григорян, Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Р.Мусаев, Тәжікстан Қауіпсіздік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • СҚО  «Ата жолы» оккультті-мистикалық ұйымның ұстанушысына айыппұл салынды

    ПЕТРОПАВЛ, 17 қараша. Солтүстік Қазақстан облысында «Ата жолы» оккультті-мистикалық ұйымның ұстанушысына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ата жолы» немесе «Ақ жол» деген атпен танымал ұйым Петропавлда заңсыз жұмыс істеп келген. Оккультті-мистикалық ұйымның ұстанушысын Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бірінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен бірге анықтаған. Қызылжар ауданының 46 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Елорда полицейлері құны 30 млн теңгеге бағаланған есірткі заттарын тәркіледі 

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша. 16-20 қараша аралығында елорда аумағында «Дәрмег» жедел-алдын алу шарасының 3-кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жедел-алдын алу шарасының аясында елорда аумағында есірткілік заттар мен психикалық белсенді заттарды сатумен айналысатын тұлғалардың қызметі анықталуда. Осылайша, іс-шараны жүргізудің алғашқы күнінде, ағымдағы жылдың 16 қарашасында Жеңіс көшесінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Содырлар Нигерияның солтүстігіндегі мектепке шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Қаруланған содырлар тобы Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатындағы мектепке шабуыл жасады, деп жергілікті полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Қарулы адамдар Зария қаласындағы политехникалық колледж ғимаратына баса көктеп кірген деп хабарланды. Олар аспанға оқ атып, оқушылар мен мұғалімдерді қорқытты. Олар мұғалімдердің бірін ұстап алып, белгісіз бағытта алып кетті. Шабуыл салдарынан екі бала […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Аргентина полициясы 10 тоннаға жуық есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Аргентинаның қауіпсіздік күштері елдің солтүстігіндегі Мисионес провинциясындағы контрабандашылардан он тоннадан астам марихуананы тәркіледі, деп елдің қауіпсіздік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Есірткі заттар иттердің көмегімен табылған, иттер тыйым салынған заттардың иісін сезіп қалған деп хабарланды. Тінту кезінде жүк көлігінен марихуананың ірі партиясы табылды, оның салмағы он тонна деп бағаланады. Контрабандашылар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде  КЖП 5 лаңкесі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. Түрік әуе күштері Зап және Авашин аймақтарындағы лаңкестердің жасырынған жерлеріне соққы жасады, деп Анадолу агенттігі жазады.  Түрік әуе күштері Ирактың солтүстігіндегі Зап және Авашин аймақтарындағы КЖП-ның бес лаңкесін залалсыздандырды. Бұл туралы Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігінің хабарламасында айтылған. Лаңкестердің орналасқан жері әуе шабуылына қарсы қорғаныш көмегімен анықталды. Министрлік лаңкестерге қарсы операциялардың табандылықпен жалғасатынын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Павлодарда жалған лаңкес ұсталды

    ПАВЛОДАР, 15 қараша. Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы ғимарат аумағын қоршауға алып, жеті адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 16 қараша күні сағат 10:10-де Павлодар қаласының полициясына «Сәтпаев көшесі, 25/1 мекенжайындағы ғимарат кез келген минутта жарылуы мүмкін» деген хабарлама келіп түскен. Бұл жайында журналистерге Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Осы дабыл бойынша оқиға орнына жедел-тергеу […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Петропавлда діни материалдарды таратқан тұрғынға жаза тағайындалды

    ПЕТРОПАВЛ, 15 қараша. Солтүстік Қазақстан облысында діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратқан тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 30 жастағы тұрғыны WhatsApp мессенджеріндегі статусына діни сипаттағы фотосуреттерді жиі қойып отырған. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында анықтап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің «ҚР діни […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҰҚК: Трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша. Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық қылмыстық топты ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2020 жылдың сәуір-қазан айлары кезеңінде ҚР ҰҚК шетелден ҚР-ға синтетикалық есірткі жеткізуді, сондай-ақ оларды жасауды және «Борат24» интернет-дүкені арқылы сатуды жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды операция өткізді. «Трансұлттық есірткі құрылымындағы 34 қатысушы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Эфиопиядағы қарулы шабуыл: 34 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Бенишангүл-Гумуз штатында жолаушылар автобусына белгісіздер шабуыл жасады, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Эфиопияда жолаушылар автобусына жасалған қарулы шабуыл  34 адамның өмірін қиды.Бұл туралы Эфиопия адам құқықтары жөніндегі комиссиясының (EHRC) Twitter-дегі парағында хабарланды. Шабуыл сенбіден жексенбіге қараған түні елдің солтүстік-батысындағы Бенишангүл-Гумуз штатында болды. Құрбан болғандардың саны артуы мүмкін деген қорқыныш бар. Шабуылдың ұйымдастырушылары әлі белгісіз. […]
    • 4 Years ago
    • 0