Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ІІМ: Түркияда жыл басынан бері 152 лаңкестік әрекеттің алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек.Осы жылдың басынан бері Түркияның қауіпсіздік құрылымдары ДЕАШ лаңкестері жасауды жоспарлаған 152 террорлық шабуылдың алдын алды, 26,8 тонна жарылғыш зат тәркіленді, деп Түркияның ІІМ басшысы Сулейман Сойлуге сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды. Министрдің айтуынша, ДЕАШ  лаңкестерімен күрес — бұл қылмыстың алдын алудың сәтті бағыттарының бірі ғана. Ішкі істер министрлігі Фетуллах Гюленнің лаңкестеріне де […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ресейде жарты жылда 140 есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек.Ресейде есірткі бизнесінің құрылымында бүгінде құрылымдық өзгерістер болды. 2020 жылы синтетикалық есірткілердің тыйым салынған заттардың басқа түрлерінен басымдығы бірінші рет тіркелді. Осылайша, тәркіленген есірткі заттарының жалпы көлеміндегі синтетикалық есірткінің  үлесі 50% -дан асты, ал абсолютті түрде алты тоннаға жетті. Мұндай цифрларды Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев Ресейдің Ішкі істер министрлігінде бейнеконференция […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Содырлар Египедтегі түрмеден қашып кетуге тырысты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек.Төрт исламшыл-содыр Египеттегі түрмеден қашпақшы болды, деп Reuters-ке сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Оқиға арнайы режиміндегі «Тора»  түрмесінде орын алды. Қашуға тырысқан содырлар үш күзетшіні өлтірді. Алайда олар түрме аумағынан шыға алмады,  нәтижесінде жойылды. Содырлардың төртеуі де «Ансар аш-Шариа» тобының (Ресей Федерациясында қызметіне тыйым салынған ұйым) мүшесі. Олар полиция қызметкерлері мен христиандарды өлтіргені үшін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыда ірі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

    АЛМАТЫ, 24 қыркүйек. Алматыда синтетикалық есірткіні өндіруге арналған шикізаттың үлкен көлемі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Арнайы іс-шара кезінде полицейлер есірткі зертханасын жойды, онда, рұқсат етілген тінту кезінде, бес жабдық жиынтығы және синтетикалық есірткі өндірісі үшін компоненттері бар төрт бөшке (80 литрден астам), сондай-ақ 100 гр. “Мефедрон” тәркіленді. Оны 1976 жылы туған К.есімді азаматтың тобы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Парижде жарылыс қаупіне байланысты адамдар Эйфель мұнарасынан эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек. Белгісіз азаматтың Эйфель мұнарасын жарып жіберемін деген қоңырауынан соң, қызметкерлер мен келушілер уақытша эвакуацияланды, деп   ТАСС агенттігіне сілтеме жасап Egemen.kz хабарлайды. «Бүгін таңертең полицияға белгісіз біреу Эйфель мұнарасын жарып жіберемін деп жасырын нөмірмен хабарласқан. Бұдан соң, жергілікті жерде эвакуация жарияланды. Қазір оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді, олар қажетті тексерулер жүргізуде», — деді […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дағыстан тұрғыны танысына қарызға ақша бергені үшін түрмеге қамалды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек. Оңтүстік аудандық әскери соты Дағыстан тұрғынына үкім шығарды, ол Сириядағы содырларға бару үшін танысына қарызға ақша берген. Ол террористік әрекеттерге жәрдемдескені үшін кінәлі деп танылды, деп соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады. 2014 жылдың желтоқсанында Дағыстанның Хасавюрт қаласында Камил Хасаев досына Сирияға барып, заңсыз қарулы топқа қосылуы үшін қарызға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысының тұрғынынан 1 келіден астам гашиш тәркіленді

    АЛМАТЫ, Жамбыл облысының тұрғыны есірткінің үлкен көлемін Алматыға жеке таксимен алып келмек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткітасушы Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрғыны 1987 жылы туған Б.есімді азамат болып шықты. – Кешкі сағат сегіздер шамасында, Жандосов көшесінде, шаһардың кіреберісінде орналасқан стационарлық экологиялық бекетте мамандандырылған батальонның қызметкерлері “Тойота Камри” көлігін тоқтатты, оның ішінде Меркі ауылынан келген […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мексика полициясы 600 келіден астам есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек. Мексика полициясы Гватемаламен шекарада  контрабандашыны ұстады, 627 келі кокаин тәркіледі, деп Мексика Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Полиция қызметкерлері Чиапас штатындағы Уистла қаласындағы өткізу пунктінде есірткі тасымалдайтын жүк көлігін ұстады деп хабарланады. Жүк көлігінің жүргізушісі қайта өңделген пластикті тасымалдайтынын мәлімдеді, бірақ көлік құралында 627 келі кокаин болды. Жүк […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Шешенстанда жастар арасындағы экстремистік көзқарастарды анықтау үшін сауалнама дайындалды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек.Шешенстанда жастар арасында экстремистік көзқарастардың болуы туралы зерттеу жүргізілуде. Ол үшін ғалымдар арнайы сауалнама әзірледі. Қазіргі уақытта оның апробациясын Шешенстан мемлекеттік педагогикалық университетінің арнайы психология және мектепке дейінгі дефектология кафедрасының мамандары жүргізеді, деп  REGNUM АА жазады.  «Қазіргі уақытта жастардың экстремистік бейімділігін психологиялық диагностикалаудың авторлық сауалнамасы (Солтүстік Кавказ халықтарының этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған) […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Талибан» содырларының шабуылдары 2 аптада Ауғанстанның 98 тұрғынының өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек.Соңғы екі аптада Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы содырларының шабуылдары салдарынан 98 бейбіт тұрғын қаза тауып, 230 адам жарақат алды, деп Анадолу агенттігі жазады. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, тәліптердің шабуылдары елдің 24 провинциясында болған. Зардап шеккендердің ең көп саны Тахар және Нангархар провинцияларында тіркелген. «Талибан» бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0