Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Террористік қылмыстар үшін іздеуде жүрген шетелдік Бішкекте ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Бішкекте ТМД елдерінің бірінде аса ауыр террористік қылмыстар жасады деген күдікпен іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, деп Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан  жазады.  «3 қыркүйекте Бішкекте жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде шетел азаматы Н.А.А. ұсталды. Оның Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекте жасырынғаны анықталды» делінген хабарламада. Ұсталған адам МҰҚК-нің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияның шығысында «Yıldırım» терроризмге қарсы операциясының оныншы кезеңі басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Түркияның шығысындағы Ван провинциясында сейсенбі күні терроризмге қарсы «Yıldırım»  (Йылдырым) операциясының оныншы кезеңі басталды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі Түркияның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Операцияға 1040 полиция мен жандармерия қызметкерлері қатысуда. Ел ішінде терроризмнің жойылуына бағытталып жүргізілген Йылдырым-1-2-3-4-5-6-7-8-9 операциялары шеңберінле бүгінге дейін барлығы 46 террорист залалсыздандырылды. Операцияның мақсаты — елдің шығысы мен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Талибан» содырлары Тәжікстанмен шекарадағы ауған уезін басып алуға әрекет жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары (ҚР  тыйым салынған) Тәжікстанмен шекарада орналасқан ауған уезін басып алуға әрекет жасады, деп Ауғанстан ұлттық армиясының 217-ші корпусының баспасөз орталығына сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан  жазады. Бадахшан провинциясындағы Вардудж уезі туралы айтылған. Ресми мәліметтерге сәйкес, 7 қыркүйекке қараған түні тәлібтер Тәжікстанмен шекаралас ауданды басып алмақ болған. Ауғанстанның құқық қорғау […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бағдад әуежайы зымыранмен атылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек.Багдад халықаралық әуежайы жексенбі күні кешке зымыранмен атылды. Бұл туралы Shafaq News жаңалықтар порталына сілтеме жасап TACC хабарлады . Жаңалықтар порталының ақпараты бойынша, Ирак астанасының әуе айлағына Багдадтың батысындағы Әбу-Грейб аймағынан үш ракета атылған. Олардың біреуі әуежайдың азаматтық аймағындағы автотұраққа құлап, төрт көлік зақымдалды. Әзірге құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ. Шабуылдың мақсаты әуежай […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қызылорда облысының тұрғындары 404 түп сора еккені анықталды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 07 қыркүйек. 2020 жылдың 03 қырқүйек Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен “Қарасора-2020” жедел профилактикалық іс шарасы барысында Қармақшы ауданы Төребай би ауылынан 50 шақырымдай жерде  404  түп  сора өсімдігін еккені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел тергеу тобының іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде Қызылорда қаласының  58 және 29 жастағы тұрғындары  ұсталды. Оқиға орнын тексеру […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы тұрғын үйге құлаған зымыран бір әйел мен бес баланың өмірің қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек.Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясындағы тұрғын үйге зымыран түсіп, алты адам қаза тапты,  деп  Tolo News-ке сілтеме жасап zakon.kz  жазады. Оқиға Шерзад ауданында болған. Әйел мен бес бала қаза тапты. Тағы төртеуі, соның ішінде екі әйел мен бір бала жарақат алды. Ел аумағында әрекет ететін топтардың ешқайсысы да жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Ауғанстанда […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сауд Арабиясында үш содыр «Ислам мемлекетің» қолдағаны үшін өлім жазасына кесілді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек.Сауд Арабиясының қылмыстық соты «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобына (ҚР  тыйым салынған ұйым) жақтас болып, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасауды жоспарлаған үш экстремисті өлім жазасына кесті. Бұл туралы Al-Arabiya телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Телеарна ақпараты бойынша, өлім жазасы айыпталушыларға «ИМ-ін (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қолдағаны және патшалық аумағында қауіпсіздік қызметкерлерін өлтіруді жоспарлағаны үшін» шығарылған. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Иранда 6 айда 473 тонна тыйым салынған есірткі тәркіленді

      НҰР-СҰЛТАН, 06 қыркүйек.Ирандық күнтізбелік жылының алғашқы 6 айында (2020 жылдың 20 наурызынан) Иранның есірткіге қарсы полициясы 473 тоннаға жуық тыйым салынған  есірткінің әр түрлі түрін тәркіледі. Бұл туралы ирандық Mehr News агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM агенттігі хабарлады. Иран Ислам Республикасы құқық қорғау күштерінің есірткіге қарсы күрес жөніндегі полиция бастығы полковник Маджид Карими бұл мәлімдемені […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Малиде терроризмге қарсы іс-қимыл кезінде екі француз сарбазы қаза болды

     НҰР-СҰЛТАН, 06 қыркүйек.Малиде террористік топтармен күрес операциясы кезінде сенбі күні  екі француз сарбазы қаза тапты. Бұл туралы Елисей сарайының хабарламасында айтылған, деп жазады ТАСС .  «Республика Президенті бүгін таңертең Тесалиттегі операция кезінде екі француз сарбазының өлімі туралы жаңалықты үлкен алаңдаушылықпен білді», — делінген Франция басшысының әкімшілігі коммюникесінде. «Олар Сахелдегі терроризмге қарсы миссиясын орындау кезінде Франция […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қытайда алты есірткі сатушысы ұсталды, олардан 40 кг героин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қыркүйек.Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясындағы Тайюань қаласының полициясы есірткі сату ісі бойынша алты күдіктіні ұстап, 40 кг героин тәркіледі, деп Синьхуа жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап REGNUM  АА хабарлады. 2019 жылы полиция Шаньсиде есірткі контрабандасы туралы қылмыстық істі ашты, содан кейін Синьчжоу қаласында жалпы сомасы миллион юаньнен асатын (шамамен 146 мың доллар) есірткімен байланысты мұздатылған […]
    • 4 Years ago
    • 0