Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Буркина-Фасода лаңкестік шабуылдан кем дегенде 39 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар. Буркина-Фасоның солтүстігінде болған лаңкестік шабуылдан кем дегенде 39 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости  Faso порталының сайтында үкімет шығарған коммюникеге сілтеме жасап. Коммюникеге сәйкес шабуыл 25 қаңтарда Сум провинциясындағы Силгаджи ауылында болған. «Осы аумақта қорғаныс және қауіпсіздік күштері жүргізген операциялар осы қатыгез шабуылдың салдарынан 39 жерлесіміздің қайтыс болғанын белгілеуге мүмкіндік берді», […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда «Ағайынды мұсылмандар» ұйымына қатысты 113 күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. Тәжікстанда 113 азамат «Ихван-ул муслимин» («Ағайынды мұсылмандар») ұйымына мүше деген күдікпен ұсталды. Елде тыйым салынған ұйым мүшелерін ұстау биыл жыл басында басталды, деп centralasian.org хабарлайды.  Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон 28 қаңтарда Душанбеде өткен баспасөз конференциясында «ағайынды мұсылмандар» ұсталғанын растады. «Ұйымның мүшесі деген күдікпен 113 адам ұсталды. Олардың ішінде 20 мұғалім, бір […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Петропавлда героин сатумен айналысқан әйел ұсталды

    ПЕТРОПАВЛ, 28 қаңтар. Петропавлда героин өткізу нүктесіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Солтүстік Қзақстан облысының полицейлері аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін бұрын сотты болған жергілікті әйелді ұстады. «Ол оқшауланған өмір салтын ұстанып, есірткіні алдын ала келісу арқылы белгілі адамдарға өткізіп отырған. Ұстау барысында күдікті әйел жасырынып кетпек […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қырғызстан шетелде қарулы жанжалға қатысқандарға жазаны қатайтуы мүмкін

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шетел аумағында қарулы жанжалға қатысқандарға жазаны қатайтуды ұсынды. Қылмыстық кодекске енгізілуі мүмкін ұсыныстар халық талқылауына шығарылды, деп centralasian.org хабарлайды.  Жаңадан қабылданған Қылмыстық кодексте шетелде қарулы жанжалдарға қатысқандар 2,5-5 жылға сотталуы мүмкін, өйткені бұл қылмыс түрі ауыр емес қылмысқа жатады. Бұған дейін мұндай әрекет ауыр қылмыс ретінде қаралатын. Қауіпсіздік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер экстремизмге қарсы күресте өзара іс-қимылды қалыптастырады

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Конвенцияға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары 2017 жылғы маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойған. Құжаттың мақсаты – ШЫҰ-ға мүше елдердің экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында өзара әрекеттестігінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Хизб ут-Тахрир» жұмысын насихаттады деп айыпталған үш әйелге үкім шықты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. 27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты «діни алауыздықты қоздырды» және «тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» ұйымының жұмысына араласты» деп айыпталған Қарлығаш Адасбекова мен Дария Нышанованың бас бостандығын бес жылға шектеді, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Судья Ернар Қасымбеков сот кезінде 45 жастағы Адасбекова мен 29 жастағы Нышанованың айыбы толық дәлелденгенін, олардың ісі ауыр […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы америкалық ұшақ апатын «Талибан» мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. 27 қаңтарда Ауғанстан шығысындағы Газни провинциясында ұшақ құлады. Мұны провинция губернаторының өкілі растады. Ұшақ радикалды «Талибан» қозғалысы қадағалайтын аймақта құлаған. Апат неден болғаны әзірге белгісіз.Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.  Бірнеше сағат өткеннен кейін тәлібтер өкілі Забихулла Муджахид Газни провинциясына барлау мақсатымен ұшып бара жатқан америкалық ұшақ апатын қозғалыс мойнына алады деп мәлімдеді. «Ұшақтағы барлық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бішкекте 438 килограмнан астам есірткі заты тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Бішкекте Алтымышов атындағы көшенің жекеменшік үйінде жасырын есірткі зертханасы табылды. Онда каннабис пен галлюциногендік саңырауқұлақ өсіріп келген. Бұл жөнінде Бішкек қаласы ішкі істер басқармасына сілтеме жасап centralasian.org хабарлайды.  Мекеме мәліметінше, заттардың бәрі сол жерде тәркіленген. Тәркіленген заттың салмағы 438,07 келі болған. Бұл оқиға бойынша заңсыз есірткі сақтау бабымен қылмыстық іс қозғалған.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияда миналанған автокөлік жарылысынан сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Жексенбі күні Сирияның солтүстігінде Түркиямен шекаралас аудандардың бірінде бомбаның жарылуы салдарынан сегіз адам қаза тапты, тағы 20 адам жарақат алды, деп САНА АА сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.   Алеппо провинциясының солтүстігіндегі Аазаз қаласындағы мейрамхана манында жарылғыш зат салынған көлік жарылды . Жарылыс салдарынан сегіз бейбіт тұрғын қайтыс болып, тағы 20 адам […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Бомба» туралы хабардан соң ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Ресейде Хабаровск – Мәскеу рейсімен ұшқан борт миналанды деген хабардан соң ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп жазады  sputniknews.kz . Бұқаралық ақпарат құралының хабарлауынша, «Аэрофлот» әуе компаниясының Airbus A330 бортында 261 жолаушы болған. FlightRadar интернет сервисінің мәліметіне сәйкес, ұшақ Хабаровск қаласынан 800 шақырым жерде кері бұрылған. Соңғы ақпарат бойынша ұшақ Хабаровск қаласында қонған. Зардап […]
    • 5 Years ago
    • 0