Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Павлодар тұрғынынан 200 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді

    ПАВЛОДАР, 13 қаңтар. Павлодар қаласының 41 жастағы тұрғынынан синтетикалық есірткі партиясын тәркіленді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған ер адам қала аумағында аса ірі көлемде психотроп заттарды әр жерге жасырып тастаған. Ер адамның тұрғылықты мекенжайында 200 грамм болатын (аса ірі көлем болып табылады) 96 полиэтилен орамасы табылып, тәркіленген. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пойызда тыйым салынған діни кітап алып жүрген 4 қырғызстандық жауапкершілікке тартылды

    ТАРАЗ, 13 қаңтар. Көлік полициясы көлік нысандарында діни әдебиеттерді сақтауға және таратуға тыйым салынатынын ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни мазмұндағы әдебиеттерді және өзге де ақпарат көздерін сатуға, таратуға және сақтауға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған жедел-алдын алу іс-шараларын үнемі өткізеді. Департаменттің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚК қазақстандықтарға қырағылық туралы үндеу жолдады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар. YouTube-тегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми арнасында қауіпсіздік туралы видео жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz. Видео «Сіздің қырағылығыңыз террорлық шабуылдың алдын алуы мүмкін» деген тақырыппен жарияланды. ҰКК қазақстандықтарға сақ болып, қырағылық танытуды сұрайды. «Күдікті адамдар мен заттарды байқасаңыз, ол туралы уақтылы хабарлау террорлық актінің алдын алуы мүмкін» делінеді видеода.  
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда есірткі заттарын жарнамалаған 80 жазба өшірілді

    АЛМАТЫ, 12 қаңтар. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі, аудандық полиция басқармасы және меншік иелері кооперативті қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізіп, үйлердің қабырғасына жазылған есірткі заттарының жарнамасын өшірді, деп inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап baq.kz хабарлады. Тексеріс кезінде 80 жарнамалық жазба анықталып, өшірілген. Аудандық әкімдік бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын мәлімдеді. Есірткі немесе психотропты заттардың жарнамасын көрсеңіздер, бірден фотоға түсіріп, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда «Талибан» командирінің көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Ауғаныстанда «Талибан» қозғалысының командирі қаза тапты. Бұл туралы TOLO News сілтеме жасап  24.kz хабарлайды. Ауғанстан әскери әуе күштерінің соққысынан «Талибан» радикалды тобы командирлерінің бірі Махибулла қаза тапты. Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы лаңкестерді басқарған Махибулла негізі Пәкістан азаматы болған.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияда әуе соққысынан 17 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Сирияда солтүстігінде әуе соққысынан бейбіт тұрғындар қаза болды, деп 24.kz хабарлайды.  Сирияның солтүстігіне жасалған әуе соққыларынан 17 бейбіт тұрғын мерт болды. Тағы 50-ге жуық азамат жарақат алды. Марқұмдар арасында балалар да бар. Белгілі болғандай, соққы Идлиб қаласының бірнеше ауданы мен 11 елді мекенге берілген. Оны Башар Асад режиміне қарасты қарулы күштер жасапты. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петербургте миналау туралы хабарламалар нәтижесінде 280-ден астам ғимарат эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар. Бүгін Санкт-Петербургтің төтенше жағдайлар қызметеріне қаладағы 280-ден астам нысан  миналанды деген хабарламалар келіп түсті, барлығы да жалған болып шықты. Бұл туралы ТАСС жазады. Күні бойы аудандық соттар, бірнеше сауда орталықтары эвакуацияланды. Кеше де қалада осындай жағдай болды, 250-ге жуық нысандар: соттар, қонақ үйлер, сауда орталықтары, дүкендер, Эрмитаж және басқа ғимараттар миналау туралы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Маңғыстау облысында ҰҚК қызметкерлері салафиттерді ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар.    Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ақтау және Жаңаөзен қалаларында бір топ ер адамды – «салафизм» деструктивті діни ағымын ұстанушыларды ұстады, деп Sputnik жазады. Олар пайдакүнемдік ниетпен ірі мөлшерде ақша бопсалау мақсатында адам ұрлаумен айналысқан. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау және Жаңаөзен қалаларының екі тұрғыны, сондай-ақ олардың сыбайластары анықталып, ұсталды», — деп хабарлады Маңғыстау облысы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қызылорда облысында 700 келі есірткі заңсыз айналымнан алынды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 11 қаңтар. Қызылорда облысында былтыр 700 келіден астам есірткі заты заңсыз айналымнан алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2019 жылы Қызылорда облысында есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне 429 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабында көрсетілген есірткі, психотроптық заттар, сол тектес және прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша көзделген […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сомали әскерилері үш «Аш-Шабабтың» содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Сомали қарулы күштері Джубаленд штаты армиясының қолдауымен 9 қаңтарда Сомалидің оңтүстігінде Төменгі Джубба провинциясындағы операция кезінде «Аш-Шабаб» тобының үш содырын өлтірді. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі Сомали әскери күшіне сілтеме жасап хабарлады . Джубаленд штаты күштерінің бірінші дивизиясының қолбасшысы Аден Абдулкадир атап өткендей, операция жағалаудағы Кисмайо қаласының шетіндегі Як Байшаро аймағында жүргізілді. […]
    • 5 Years ago
    • 0