Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нигерияда лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Нигерияда лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады, деп хабарлайды 24.kz.  Нигерияда әскери лагерьге жасалған шабуыл салдарынан 71 сарбаз қаза тапты, 30 жауынгер жараланды. Оқиға елдің Малимен шекаралас Инатес қаласының маңында болды. Әскерилердің айтуынша, базаны жүздеген содыр шабуылдаған. Қазір лаңкестерге қарсы операция жүріп жатыр. Айта кетейік, Нигерияда 2009 жылдан бері «Боко Харам» деп аталатын лаңкестік ұйым […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Жусан» операциясы жалғасады – ҰҚК

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталық штабы басшысының бірінші орынбасары Сергей Швейкиннің айтуынша, «Жусан» операциясы жалғасқанымен, оның атауы өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жусан» операциясын жалғастырамыз. Әйтсе де, оның атауы өзгереді. Гуманитарлық операцияның көмегімен Сириядан 595 отандасымыз, оның ішінде 406 бала елге қайтарылды. Репатриация процесі әлі шегіне жеткен жоқ. Сондықтан бұл соңғы мәлімет […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирия жөніндегі келіссөздердің келесі раунды Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың наурызында өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан.  Сирия жөніндегі келіссөздердің келесі раунды Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың наурызында өтеді, деп хабарлады ҚазТАГ. «Қазақстан билігіне Астана форматындағы Сирия бойынша 14 халықаралық кездесуді Нұр-Сұлтанда өткізгені үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Астана форматындағы Сирия бойынша келесі халықаралық кездесуді 2020 жылдың наурызында Нұр-Сұлтанда өткізу туралы шешім қабылдады», — делінген сәрсенбідегі ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) сайтында жарияланған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ДАИШ сұмдығынан жат ағымдағылар сабақ алды ма?

    НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. Шетел асып, өмірі сергелдеңге түскендер. Жұмақ іздеп барып, өз еліне жылап келгендер. Қателіктен өзегі өртенген жандар. Нан қадірін білмей, шөп пен кебек жеп қайтқандар. Адам болып барып, содырларға құл болып қайтқандар. Күйеуі өліп, зар еңіреп қалған әйелдер. Әкесі өліп, жетім қалған балалар. Бұл — Сириядан қайтқан азаматтардың бастан кешкен жағдайлары, деп kazislam.kz жазады.  […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядан қайтарылған 14 қазақстандықтың ісі бойынша соттың шешімі шықты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. Елорданың қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты «Жусан» операциясы аясында Сириядан қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін прокуратура барлық сотталушыны 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Прокурор Еділ Мұраттың айтуынша, сотталушылардың бірінші рет қылмысқа баруы, жас балаларының болу және өкінуі сияқты жазаны жеңілдететін жағдайлар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Астана процесінің кепілгер елдері бірлескен мәлімдеме қабылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. Елордада Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 14-раунды аяқталды. Процестің кепілгер елдері Иран, Ресей және Түркия бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп 24.kz  хабарлайды. Маңызды құжат 14 тармақтан тұрады. Келіссөздердің бұл жолғы раунды Астана процесінің қажеттілігін тағы бір дәлелдеп  көптеген өзекті мәселелерді көтерді. Келіссөздерге Сирияның қарулы оппозициясының басшылары да келді. «Иран, Ресей және Түркия Астана […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында лаңкестердің шабуылынан 2 адам мерт болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан. Сомали астанасы Могадишодағы қонақүйлердің біріне «Аш-Шабаб» лаңкестік тобының содырлары шабуыл жасады, деп хабарлайды 24.kz. Салдарынан екі адам оққа ұшып мерт болды. Жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Белгілі болғандай, шабуыл кезінде ғимаратта ондаған адам болған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл қонақ үйге шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер жиі келетін. Айта кетейік, «Аш-Шабаб» – елдегі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Шымкентте жетпіске жуық адам теріс ағымнан бас тартқан

    ШЫМКЕНТ, 11 желтоқсан. 2019 жылы Шымкент қаласында уағыз-насихат жұмыстары бойынша «Бір мешіт, бір үмбет, жамағат» атты игі жобалар жүзеге асты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Аталған жоба аясында деструктив ағымның ықпалында жүрген азаматтармен 87 кездесу, 65 спорттық шара және діни мереке күндері 10 рет арнайы дастарқан жайылған. Бұдан бөлек, 475 рет жеке кездесу өткізіліп, салафилік бағыттағы 50 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Петербург метросында жарылыс жасады» деп айыпталғандарға үкім шықты

    НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан. 10 желтоқсанда Ресейдегі сот «Санкт-Петербург метросындағы жарылысты ұйымдастырды және қаржыландырды» деген айыппен оннан астам адамды жазалады. Сотталғандардың басым бөлігі – Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары, деп Азаттық хабарлайды.  Сот Қырғызстанда туған, қазір Ресей азаматы 29 жастағы Аброр Азимовті «терактінің негізгі айыпталушысы» деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Оның ағасы 31 жастағы Акрам […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ирактан қайтарылған балалардың туыстары табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан. Ирактан қайтарылған балалардың түгелінің дерлік туыстары табылды, деп хабарлайды 24.kz. Бұл – Қазақстанда жүргізілген геномдық сараптама нәтижесі. Туыстығы дәлелденген балаларды жақындары жанына алатын болды. Қазір олар Нұр-Сұлтандағы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында тәрбиеленіп жатыр. Тек бір отбасының 4 бірдей баласын қамқорлығына алуға ет жақындары енжарлық танытып отыр. Ысқақтың қазіргі арманы […]
    • 5 Years ago
    • 0