Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Астана процесі: Барлық тарап келіссөздерге қатысады

    НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан. Елордада өтетін Астана процесіне келіссөздерге қатысушы барлық тарап келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «10-11 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Астана процесі аясында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 14-ші халықаралық кездесу өтетіні мәлім. Сирия бойынша Астана процесінің барлық тараптары келіссөздерге қатысатынын растады және біздің елордамызға келе […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҚР ІІМ РФ ұсталғандардың арасында Қырғызстанның азаматтары бар-жоғын тексеріп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан.Мәскеу мен Челябинскіде террористік әрекет жасады деген күдікпен Орталық Азия елдерінің 9 азаматын ұстауға қатысты тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды КирТАГ Қырғызстан СІМ-не сілтеме жасап. Ресейдегі Қырғыз Республикасының Елшілігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне тұтқындалғандар арасында Қырғызстан азаматтары бар-жоғы туралы ақпарат алуға жәрдемдесу  туралы ресми сауал жіберді. Қазіргі уақытта Ресей тарапынан жауап күтілуде. Естеріңізге […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БҚО-ның тұрғыны 4,5 кг жуық есірткімен ұсталды

    ОРАЛ, 09 желтоқсан.  Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны 4,5 кг жуық марихуанамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бәйтерек ауданының 1972 жылғы тұрғыны ер адамға 37,25 грамм кептірілген марихуананы заңсыз сатқан. Тінту кезінде ауласындағы шаруашылық құрылысынан 4356,99 грамм марихуана табылды. Оған қоса үйінен 73,64 грамм кептірілген марихуана шықты. Есірткінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркия билігі Францияға ИМ 11 содырын депортациялады

    НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. Түркия билігі «Ислам мемлекеті» террористік тобына қатысы бар 11 Франция азаматын еліне депортациялады, деп хабарлайды РИА Новости Түркияның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Бұған дейін Түркияның ІІМ 11 қарашадан бастап ИМ (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) содырларын өз елдеріне депортациялау бастағанын жариялаған болатын . Осы уақыт аралығында Түркиядан  АҚШ, Германия, Ұлыбритания және […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Елорданың тәртіп сақшылары 80 келі марихуана сатпақ болған күдіктіні қолға түсірді

    НҰР-СҰЛТАН, 08 желтоқсан. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елорда аумағына есірткі әкеліп, өткізумен айналысатын адамдарды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоға сілтеме жасап. «Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Абылай хан даңғылының бойындағы тұрғын үй-жайға тінту жүргізу кезінде бұрын бірнеше рет сотталған 49 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • АҚШ пен тәліптер қайта келіссөз бастады

    НҰР-СҰЛТАН, 08 желтоқсан. АҚШ пен «Талибан» қозғалысы 7 желтоқсанда бейбіт келіссөздерді қайта бастады. АҚШ президенті Дональд Трамп үш ай бұрын тәліптермен Ауғанстандағы соғысты тоқтату бойынша келіссөзді тоқтатқан, деп Азаттық хабарлайды.  Кездесу Катар астанасы Дохада өтіп жатыр. “Келіссөздің мақсаты – Ауғанстандағы шабуылдарды тоқтатып, бейбітшілік орнату” деді дереккөз «Америка дауысына». Келіссөзде АҚШ делегациясын Мемлекеттік департаменттің Ауғанстан бойынша […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Астана процесі: лаңкестер тобының қалдығымен күрес мәселелері талқыланады

    НҰР-СҰЛТАН, 07 желтоқсан. 10-11 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Астана процесінде лаңкестер тобының қалдығымен күрес және гуманитарлық мәселелер талқыланады. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Жерорта теңізіндегі диалогтар» халықаралық конференциясының сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. «Келесі аптада Қазақстан елордасында астаналық форматтағы 14-ші кездесу өтеді. Онда деэскалация туралы келісімдердің орындалу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Польшада қылмыстық топтан 2 тонна кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 желтоқсан. Польша полициясы есірткі тасымалдаумен айналысып келген ірі қылмыстық топты ұстап, 2 тоннаға жуық кокаин тәркіледі, деп 24.kz хабарлайды.  Арнайы операция барысында 7 адам тұтқындалды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шара бірнеше айға созылған бақылаудан кейін жүзеге асырылған. Ол үшін тәртіп сақшылары Колумбиядан келетін жүктің Гдынядағы портқа келген сәтін күткен. Нәтижесінде 2 контейнерге жасырынған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Халықаралық Қызыл Крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қолдау білдірді

    НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті (ХҚКК) Петер Маурердің құттықтау хаты келіп түсті. Онда қазақстандық 14 баланы Ирактан қайтару гуманитарлық операциясының сәтті өткені туралы айтылған, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.  «Осындай күрделі мәселелерді шешу ісінде Қазақстанның «Жусан» операциясын табысты жалғастырып отырғаны бүкіл әлемге үлгі болуы тиіс», – деп […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Австралияда құны 800 миллион доллардан астам есірткі заттары тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. Австралияның Мельбурн қаласында есірткі контрабандасымен айналысқан 3 адамға қатысты сот ісі басталды, деп 24.kz хабарлайды.  Анықталғандай, айыпталушылардың екеуі кеден қызметінің мамандары. Олар Бангкоктан Мельбурнға 2 тоннаға жуық метамфетамин мен 37 келі героин тасымалдамақ болғаны үшін айыпталып жатыр. Полицияның мәлімдеуінше, аса ірі көлемдегі есірткінің құны 800 миллионнан астам долларға бағаланады екен. Енді олар […]
    • 5 Years ago
    • 0