Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жат дін жетегінде жүргендердің саны біршама азайды

    АҚТӨБЕ,14 қараша. Ақтөбе облысында жат дін жетегінде жүргендердің саны біршама азайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «3-4 жыл бұрын теріс діни ағымда жүрген азаматтардың саны облыс бойынша өте жоғары – 2,5 мыңға жуық болатын. Ал қазіргі таңда 1987 адамға дейін азайды. Бұл, бірлескен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Польшада мұсылмандарға зәбір көрсетпек болған неонацисттер қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Польша полициясы мұсылмандарды қыруды жоспарлаған екі неоцистті қамауға алды, деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM  хабарлайды. «Тергеу барысында топ мүшелері өздерің Андерс Брейвик пен Брентон Таррант экстремистерінің террорлық шабуылдарымен байланыстырғаны белгілі болды », — делінген полиция хабарламасында. Норвегиялық неонацист Брейвик 2011 жылы жаппай кісі өлтірді, салдарынан 77 адам қайтыс болды. Таррант 2019 жылы Жаңа Зеландиядағы Крайстчерч қаласындағы мешіттерде оқ атты, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  •  Кабулдағы ІІМ ғимараты маңында болған жарылыс салдарынан жеті адам қаза тапты  

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің жанында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz. Тағы 10 тұрғын жарақат алды. Жапа шеккендердің арасында балалар бар. Террорлық әрекет жергілікті уақытпен таңғы 7 жарым шамасында болды. Әзірге оны қандай қарулы топ ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір содырлар іздестіріліп жатыр.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Павлодарда жалған хабар берген «телефон террорисі» сотталды

    ПАВЛОДАР, 13 қараша. Сот Павлодар қаласының «телефон террорисіне» үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген Павлодар қаласының тұрғыны сот шешімімен екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ мәжбүрлі түрде бір жыл ішінде 100 сағат еңбекке тарту және айыппұл салу жазасы тағайындалды. Жазасын өтеу кезінде ер адамның тұрғылықты жерін ауыстыруына, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Индонезияда полиция ғимаратының жанында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша.Индонезияның Медан қаласында орналасқан полиция басқармасының жанында жарылыс болды, деп хабарлайды 24.kz. Салдарынан бірнеше тәртіп сақшысы жарақат алды. Белгілі болғандай, жарылысты террорист ұйымдастырған. Күштік құрылым өкілдерінің мәліметіне сай, теракт таңғы сағат 8:40 шамасында болған. Күдікті шабуыл кезінде қаза тапты.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ирак түрмесінде де Қазақстан әйелдері бар

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Қазіргі уақытта Ирак түрмесінде Қазақстанның бірнеше әйелі отыр. Ресми ақпаратқа сенсек, Ирак билігі ол әйелдерді өмір бойы бас бостандығынан айырған, деп Kazislam жазады. Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтың айтуынша, ол әйел адамдар елге қайта алмайды. «Себебі, біздің мемлекетіміз бен Ирактың арасында жазасын өтеушілерді елге қайтару  туралы келісім жоқ. Сол […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан мен Өзбекстанның шекара қызметтерінің басшылары шекара қауіпсіздігін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Өткен жексембі күні Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі шекара әскерінің қолбасшысы Руслан Мырзаев мен Тәжік ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Раджабали Рахмонали тәжік-өзбек шекарасындағы «Дусти» өткізу пунктінде кездесті. Бұл туралы тәжік ақпарат құралдары Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара  әскерлеріне сілтеме жасап хабарлады, деп REGNUM жазады. Тараптар мемлекеттік шекараны қорғауды күшейту, сондай-ақ тату көршілік қатынастарды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Үндістан премьер-министрі: БРИКС саммитінің негізгі тақырыбы терроризмге қарсы іс-қимыл болады

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди терроризммен күрес саласындағы ынтымақтастық БРИКС саммитінің күн тәртібінің басты элементіне айналады деп мәлімдеді. Бұл туралы 12 қарашада Үндістан басшысының Бразилияға кету қарсаңындағы мәлімдемесіне сілтеме жасап «Наводая» үнділік жаңалықтар агенттігі хабарлады, деп REGNUM жазады. Нарендра Моди өз сөзінде: «Саммит барысында БРИКС басшылары цифрлық экономика, ғылым және технология сияқты маңызды салаларда әлемдегі ең […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сауд Арабиясы 38 исламшылға үкім шығарды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Сауд Арабиясының терроризмге қарсы трибуналы 38 исламистке үкім шығарды, деп Reuters сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Эр-Риядтағы сот айыпталушыларды такфиршілдік пен терроризмді  қаржыландыруда  кінәлі деп тапты. Такфиршілдік   — исламдық адасушылық, оның жақтастары өздерін исламның кез-келген ағымының ізбасарларың  «кәпірлерді» деп атауға құқылы деп санайды. Сондай-ақ, сотталған исламистердің бірі «түрмеде террористік ұйым құрды» деп хабарланған .
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияның Қамышлы қаласында болған жарылыс құрбандарының саны жеті адамға жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Сирияның Камышлы қаласында 3 жерде жойқын жарылыс орын алды, деп хабарлайды 24.kz. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 70 азамат жарақаттанды. Жергілікті күштік құрылымдар мәлімдемесіне сүйенсек, бомбалар 3 көлікке қойылған. Сөйтіп екі көлік қала орталығында, қалған біреуі базар маңында жарылыпты. «Сирияның демократиялық күштері» болған оқиғаға «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымын кінәлап отыр. Олардың дерегі […]
    • 5 Years ago
    • 0