Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ШЫҰ БҰҰ және АСЕАН-мен есірткіге қарсы бірлескен іс-шараларды жоспарлап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы АСЕАН мен БҰҰ бейінді басқармасымен бірлесіп бірқатар есірткіге қарсы іс-шараларды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді дүйсенбі күні ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов, деп хабарлайды РИА Новости. «Біз БҰҰ — ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен белсенді түрде өзара іс — қимыл жасасамыз, БҰҰ ЕҚБ — ШЫҰ — АСЕАН форматында есірткіге […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ресейде жарты жылда 120-дан астам адам лаңкестік үшін сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында  Ресей соттары 121 адамды лаңкестік үшін соттады, осы санатта ақтау үкімдері, өткен жылдардағыдай, болған жоқ делінген РФ Жоғары сотының жаныңдағы сот департаментінің статистикасында, деп  РИА Новости жазады. Лаңкестік әрекеттер үшін соттар тоғыз үкім шығарды, қалғандары — тарту, лаңкестікке шақыру және оны мақұлдау, лаңкестік ұйымдарға қатысу және оларды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дін тақырыбында өткен журналистер байқауының жеңімпаздары белгілі болды

    АЛМАТЫ, 23 қазан. Алматыда дін тақырыбына арналған үздік шығармаларға жарияланған журналистер байқауы қорытындыланды. Түрлі номинациялар бойынша жұмыстары сарапқа салынған байқау жеңімпаздары арнайы диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болды,деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қалалық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Ұлттық журналистік зерттеу орталығы 1 мамыр мен 1 қазан аралығында дін саласындағы өзекті мәселелерге байланысты алматылық журналистер арасында үздік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Красноярск тұрғыны лаңкестік ұяшықты ұйымдастырғаны үшін 17 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Красноярск қаласында «әрекетсіз» лаңкестік ұйымның мүшелері мен ұйымдастырушылары 17 жылға дейінгі мерзімге сотталды, деп Красноярск өлкесі бойынша ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.  ФҚҚ 2017 жылдың басында Красноярск тұрғыны өздерін «Красноярск жамағаты»деп атаған тұлғалар тобын ұйымдастырғанын хабарлады. Жеті адамнан тұратын құрылым лаңкестікті насихаттау, ақтау, қолдау және қаржыландыру үшін құрылған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда есірткі сатқан мектеп мұғаліміне қатысты сот отырысы басталды

    ҚАРАҒАНДЫ, 22 қазан. Қарағандыда есірткі сатқан мектеп мұғаліміне қатысты сот отырысы басталды. Жарым жан балалар интернатының 24 жастағы тәрбиеші, дефектолог маманы сабақ бере жүріп психотроптық заттар саудасымен айналысқан деген күдікке ілікті. Қоғамды елең еткізген аты шулы іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралып жатыр, деп AstanaTV хабарлайды.  24 жастағы мұғалім аса ірі көлемде психотропты және […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан.   Нұр-Сұлтанда «Жусан» арнайы операциясы аясында Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот басталды, деп ҚазТАГ хабарлайды.  «Азаматтар Есмурзаев, Каматай, Камалов және басқалары айыптау актісіне сәйкес Сирияға барып, (ҚР-да тыйым салынған – ҚазТАГ) «Ирак пен Леванттың ислам мемлекеті» (ИЛИМ) леңкестік ұйымына кірген. (…) Олар қарулы жиһад идеясын қолдаған», — деді прокурор Еділ Мұрат сейсенбідегі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Үндістандағы «ҚазИнд — 2019» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Екі апта бойы Қазақстанның Құрлық әскерлерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Үндістанның Қарулы Күштеріндегі әріптестерімен бірлесіп террорға қарсы операцияларды жүргізудің жаңа әдістерін зерделеп, пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқу-жаттығуға қатысушылар кедергілер жолағынан өту, атыс қаруынан ату, жасанды және табиғи рельефтермен тауға өрмелеу, тікұшақтан фал арқылы түсіп, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырдың СІМ басшысы: Ресеймен ынтымақтастық экстремизммен күресуге көмектеседі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Ресей Африка елдеріне экстремизммен күресте және аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көмектесе алады. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Мысыр Сыртқы істер министрі Самех Шукри мәлімдеді, деп Islam-today жазады. «Африканың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, ақпарат алмасу мәселелеріндегі мүмкіндіктерін күшейту қажет. Сонымен қатар, континенттің ішінде ғана емес, халықаралық серіктестермен де, соның ішінде осы лаңкестік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Австрияда діни қызметші жастарды ДАИШ қатарына тартқаны үшін сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Австрияның Грац қаласында сот үкімімен шығу тегі түрік имамы жастарды «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік тобының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) қатарына тартқаны үшін жеті жылға сотталды,деп Islam today хабарлайды. Сотталған діни қызметшінің аты аталмайды. Тек 47 жаста екені ғана белгілі.  Ол лаңкестер қатарына шетелдіктерді тартумен айналысқан діни топты құруда және басқаруда кінәлі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Жәннатты» аңсап, адасқан әйелдің әңгімесі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан.  ҚР ҰҚК өткізген кең көлемді «Жусан-2» операциясы кезінде Сириядағы қақтығыс аймақтарынан 231 қазақстандық елге қайтты. Оның 16-сы — ер адам, 59-ы — әйел және 156 бала бар. Боздаладағы бейбіт күннің бағасын білмей, жат ағымның жетегінде кеткендердің қатарында Фатима есімді келіншек те бар. «Жәннатты» аңсап, адасқан әйел көрген қиындықтары жайлы ҚазАқпаратқа баяндап берді. […]
    • 5 Years ago
    • 0