Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Тәжікстан соты шетелдегі оппозициялық топты «террорлық ұйым» деп таныды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Тәжікстан жоғарғы соты эмиграциядағы тәжік оппозиционерлерін біріктірген Тәжікстан ұлттық альянсын «экстремистік және террористік ұйым» деп танып, тыйым салды. Альянс өкілдері билік негізсіз шешім қабылдады деп санайды.Бұл туралы Азаттық хабарлайды.  Тәжікстан жоғары соты Тәжікстан ұлттық альянсын «экстремистік әрі террористік ұйым» деп тануды және 2019 жылғы тамыздың 15-інен бастап ел аумағында қызметіне тыйым салуды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Минскіде есірткі таратқан 37 адамға үкім шықты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Минск қалалық соты есірткі таратуға қатысты ауқымды іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап. Іс бойынша 37 адам сотталған. Оларға бүкіл елге ірі мөлшерде есірткі таратты деген айып тағылған. «Беларусь 1»телеарнасының хабарлауынша, іс фигуранттарының көпшілігі ұйымдасқан топтардың құрамында болған, негізінен интернет арқылы қылмыс жасаған. Тергеп-тексеру кезінде 7 килограмнан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кузбасс тұрғыны терроризм мен экстремизмге жария түрде шақырғаны үшін сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Сот мешітте лаңкестік әрекет жасауға  және экстремистік әрекетке шақырғаны үшін 23 жасар Новокузнецк тұрғынын үш жыл абақтыда қамауға үкім шығды, деп Кемеров облысы бойынша ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Басқарма мәліметтері бойынша, ер адам өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына лаңкестік әрекет жасауға, сондай-ақ экстремистік әрекетке шақыруларды жария түрде орналастырып, қылмыс […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Күрдтер Сириядағы лагерьлерден содырлардың отбасы мүшелері қашып шыққанын хабарлады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің автономия әкімшілігі Айн-Исса лагерінен «Ислам мемлекеті» террористік тобына қатысы бар бірнеше жүз адамның қашып шыққанын хабарлады. Лагерь «Сирия демократиялық күштері» бақылауындағы аумақта орналасқан, деп Азаттық хабарлайды.  Күрдтер «Ислам мемлекеті» террористік тобының қайта күшеюі мүмкін екенін айтып, ендігәрі «жиһадшыларды» күзетуге басымдық бере алмайтынын хабарлады. Бұл лагерьлерде шамамен 12 мың тұтқын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирия-Түркия шиеленісі: БҰҰ мен ЕО алаңдап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Түркия әскері Сириядағы күрд жасақтарын шабуылдап жатқаны белгілі. Ондаған адам опат болды. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар. Дүниежүзілік қауымдастық осыған алаңдап, «Бейбітшілік қайнары» деп аталған әскери операцияның арты гуманитарлық дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін деп дабыл қақты, деп жазады 24.kz.  Өкінішке қарай соғыстың аты соғыс. Қарулы қақтығыста содырлар мен қоса жазықсыз жандар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сарапшы: Дәстүрлі дінде экстремизм, терроризм деген ұғым жоқ

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. — Соңғы жылдары Исламды экстремизммен байланыстырған зұлым сөздер таралып кетті, дейді теология ғылымдарының докторы Мұхаммед Махфуз, деп жазады  ҚазАқпарат. Әрі оны терроризмге және басқаларды өлтіруге шақыратын дін деп сипаттайды. Сонымен қатар мұсылмандар қан төгуге және басқалармен бейбітшіліксіз, сүйіспеншіліксіз өмір сүруге бұйыратын діннен үйренген дейді. Ол дұрыс емес. Кез — келген дін тек […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚК Бразилиядан келетін есірткі арнасының жолын кесті

    АЛМАТЫ, 14 қазан. ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаментімен өзара іс-қимылда Бразилиядан БАӘ арқылы Қазақстанға және одан әрі Түркияға кокаин жеткізудің халықаралық арнасын анықтап, жолын кесті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz  ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  «Атап айтқанда, 2019 жылғы наурызда ҰҚК Алматы қ. бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласы әуежайында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда дәмхананы «жарып» жібермек болған азамат ұсталды

    ҚАРАҒАНДЫ, 14 қазан. Терроризм актiсi туралы жалған хабарлама берген 47 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz хабарлады.  13 қазан күні сағат 14:30 шамасында «102» нөміріне Қарағанды қаласы Ленин көшесінің бойында орналасқан кафелердің бірінде белгісіз азамат ғимаратты жарамын деп қорқытқандығы туралы хабарлама түскен. «Оқиға орынына барлық жедел қызметтер жұмылдырылды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оқиға орынында 47 жастағы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ресейде гашиш контрабандасы үшін АҚШ және Израиль азаматшасы сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Мәскеу облысының Химки қалалық соты АҚШ пен Израиль азаматшасын гашиш контрабандасы үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Regnum хабарлады. 25 жасар әйел сәуір айының басында Делиден Тель-Авивке ауысып отыру кезінде «Шереметьево»  әуежайында ұсталған. Әйелдің жолжүгі қызметтік иттің назарын аударды, ал жүкті тексеру кезінде кеден және […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан 64 баланы Ирактан әкелді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. 39 ұл, 25 қыз бала отырған ұшақ Ташкент әуежайына жұма, 11 қазанда қонды. Бұл туралы Өзбекстанның АҚШ-тағы елшісі Явлон Вахаповқа сілтеме жасап Азаттық хабарлайды. «Олардың 14-і үш жасқа да толмаған, екі нәресте бар» деп жазды дипломат Twitter желісінде. Бұл балалардың ата-аналары бірнеше жыл бұрын «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) экстремистік […]
    • 5 Years ago
    • 0