Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ТМД ТҚО: Арменияда ТМД терроризмге қарсы бөлімшелерінің басшыларының жиыны басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек. Сәрсенбі күні Ереванда екі күндік ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арнайы қызмет және қауіпсіздік органдарының терроризмге қарсы бөлімшелері басшыларының жиыны басталды, деп хабарлайды  РИА Новости. «Екі күндік жиынға Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет өкілдері, сондай — ақ ТМД-ның Атқарушы комитеті мен салалық ынтымақтастық органдары қатысты», — деді […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ: ИМ Ауғанстанда қару-жарақ пен есірткі контрабандасы арқасында қаржыландырылады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек. Ауғанстандағы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына  қарсы күрес оның есірткі мен қару-жарақ контрабандасынан түскен ақша арқылы  қаржыландырылып отырғаны қиындатады, деп мәлімдеді Тәжікстан парламенті төменгі палатасының спикері Шүкурджон Зухуров, деп жазады Sputnik Тәжікстан. Зухуров Ауғанстанда қолайсыз әскери-саяси жағдай сақталатынын атап өтті. Атап айтқанда, елде діни және экстремистік топтар, террористер мен диверсанттардың жаттығу базалары бар. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ТМД ТҚО лаңкестердің отын-энергетикалық кешендеріне деген қызығушылығын белгіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының терроризмге қарсы орталығы лаңкестердің отын-энергетика кешені нысандарына қызығушылығын белгіледі, деп мәлімдеді  ТҚО басшысы Андрей Новиков, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан. «Біз лаңкестік ұйымдардың кез келген мемлекет үшін қауіпсіздік стратегиясының дербес элементін құрайтын отын-энергетика кешені инфрақұрылым объектілеріне деген артқан ынталарын белгілеп отырмыз», — деді ол. Оның айтуынша, ТМД елдері осы салада […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҚР ІІМ есірткі жарнамасы мен саудасы туралы дерек қабылдайтын WhatsApp ашты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек. Енді кез-келген тұрғын, ең қиын әлеуметтік міселелердің бірі болатын, есірткі қылмысының алдын алуға және онымен күресуге өз үлесін қоса алады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстандықтар WhatsApp-та 8 777 785 66 51 нөміріне есірткі қылмысы, есірткінің заңсыз айналымы, есірткі жарнамалайтын граффити туралы хабарлап, фото мен видеоларды жібере алады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Террористік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасау қажет» — Назарбаев

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек. Халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірыңғай тізімін жасау керек. Бұл туралы бүгін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Парламентаралық қоғамдастық ішіндегі қатарды жұмылдыру және заңнамалық трендтердегі бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру қажет. Құқықтық актілерді ізгілендіру бөлігінде біраз шаруа жатыр. Өйткені, терроризмнің жалпы анықтамасын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Жусан» операциясымен елге оралғандар психологтың көмегіне зәру

    АЛМАТЫ, 24 қыркүйек. «Жусан» операциясымен елге оралғандар қазір оңалту орталықтарында. Олармен теологтар бірнеше ай жұмыс істейді. Теріс ағымға алданып, тұзаққа түскендер ең әуелі психологтың көмегіне зәру. Бұл көмек әсіресе от пен оқтың ортасынан оралған әйелдерге керек, деп  ҚазАқпарат сайтында жарияланған дінтанушы-журналист Айша Кеңесбайдың мақаласында жазылған.  Біздің ел адасқандарға тағы бір мүмкіндік сыйлады. Әрине, қателеспейтін адам жоқ. Санасы уланып, жат […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • РФ СІМ ШЫҰ-ның экстремизмге қарсы күрес жөніндегі конвенциясына қосылуға шақырды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек. Ресей барлық елдерді экстремизмге қарсы күрес жөніндегі ШЫҰ конвенциясына қосылуға шақырады және осы саладағы өзара іс-қимылды нығайту жұмысын жалғастыруда, деп РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында РФ СІМ қазіргі заманның сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлер мәселелері жөніндегі департаментінің директоры Владимир Тарабрин мәлімдеді. «Интернетте құқыққа қарсы контенттің таралуына қарсы әрекет ету бойынша тиімді халықаралық ынтымақтастықты ретке […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Красноярск тұрғыны терроризмге жария түрде шақыру үшін қылмыстық істін фигуранты болды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек. Красноярск өлкесінде интернетте терроризмге жария түрде шақыру фактісі бойынша  қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы REGNUM агенттігіне  Ресейдің Тергеу комитетінің  көліктегі Батыс Сібір тергеу басқармасы хабарлады. Алдын ала анықталғандай, 2014 және 2016 жылдары жергілікті тұрғын әлеуметтік желілерде бірнеше аккаунт тіркеген. Ол оларды басқа адамдарды терроризмге жария түрде шақыруға бағытталған материалдармен таныстыру үшін пайдалануды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырда арнайы операция кезінде 15 содырдың көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек. Мысырдың полиция қызметкерлері жексенбі күні  терроризмге қарсы операция барысында 15 содырдын көзін жойды. Болжалдап айтқанда олар ДАИШ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) ұйымының содырлары. Бұл туралы 23 қыркүйекте Associated Press агенттігі Мысырдағы қауіпсіздік қызметіндегі жасырын дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп REGNUM АА жазады. Дереккөздің айтуынша, арнайы операция Эль-Ариш қаласының маңында өткізілді. Содырлардың […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

    ТҮРКІСТАН, 23 қыркүйек.  «Көкнәр» және «Допинг» жедел алдын алу іс-шаралары аясында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 62 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде 18 есірткі затын өткізу, 3 аса ірі көлемде есірткіні сақтау фактілері болса, одан бөлек есірткі өсімдіктерінің 38 алқабы жойылды. Полиция қызметкерлері тәркілеген есірткінің жалпы […]
    • 5 Years ago
    • 0