Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Иранда 1,7 тонна есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. Иранда Захедан провинциясының оңтүстігіндегі Никшахр фермасында 1789 келі апиын табылған. Бұл туралы провинция  командирі генерал Мохаммад Ганбари мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ИРНА агенттігіне сілтеме жасап. «Кешенді жедел-іздеу шараларының нәтижесіндепровинция полициясы елдің оңтүстігіндегіі қалалардан Захеданға есірткі партияларының тасымалдануын білген. Есірткінің Никшахрдағы сақталған орнын тауып, 1789 елі апиын тәркіледі»,- деп мәлім етті Ганбари. Иран полициясының […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дағыстан тұрғыны терроризмді ұрандағаны үшін колонияға жіберілді

    НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. Дағыстан тұрғыны Арсен Сейтуев терроризмді ақтағаны үшін және экстремистік әрекетке үндегені үшін кінәлі деп танылды. Солтүстік Кавказ округтік әскери соты оған үш жылға жалпы режимдегі түзеу колониясына үкім шығарды, деп REGNUM агенттігіне соттың баспасөз қызметі хабарлады. 2018 жылдың сәуір айында Сейтуев ғаламтор желісінде лаңкестікті ақтайтын, сондай-ақ экстремистік және террористік қызметті жүзеге асыруға […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қырғызстан азаматына терроризмді насихаттады деген айып тағылды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. Ресейдің Тергеу комитеті Приволжск округтік әскери сотының қарауына Қырғызстан азаматына қарсы қозғалған қылмыстық істі жолдады. Оған лаңкестікті жария түрде ақтады және насихаттады, сондай-ақ террористік ұйымдарға азаматтарды тартты деген айып тағылған. Бұл туралы Самар облысы бойынша тергеу комитетіне сілтеме жасап Regnum хабарлайды. Тергеу мәліметтері бойынша, 35 жасар қырғызстандық «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Колумбиялық полицейлер табыттан 300 келі есірткі тауып алды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз. Колумбиялық құқық қорғаушылар табыттың ішіне тығылған салмағы 300 келі есірткі тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап. «Есірткі екі табыт салынған катафалкіні тексергеннен кейін алынды. Олардың біреуінен 300 келі каннабис табылды», — делінген хабарламада. Белгілі болғандай, полиция жүргізушіні бірден қамауға алған. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.  
    • 5 Years ago
    • 0
  • Австралияда 750 кг есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз. Сиднейде Мексиканың 42 жастағы азаматы Хуан Мануэль Плаза Лопес қолға түсті, ол сиыр терісін 750 кг астам есірткі контрабандасы үшін пайдаланды деп күдіктенеді деп полиция хабарлайды.  Бұл туралы 29 тамыз күні Australian Associated Press-ке сілтеме жасап Regnum АА  хабарлайды. Ведомстваның мәліметіне қарағанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 10 тамызда сиыр терілері бар контейнерлерді […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркістандық полицейлер есірткі сатқан күдіктіні ұстады

    ТҮРКІСТАН, 28 тамыз. Түркістан облысы Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын өзінің таныс азаматы «марихуанна» есірткі затын сатумен айналысатынын айтып арызданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 297 бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркелген және ТО […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БҰҰ ИЛИМ-нің «бюджетін» 300 миллион долларға бағалады

    НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз.  Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қазақстанда тыйым салынған «Ирак және Левант Ислам мемлекеті» (ИЛИМ, ИМ) террористік ұйымының «бюджетін» 300 миллион долларға бағалады, деп хабарлайды ҚазТАГ. «300 миллион доллар — бұл ИЛИМ — нің иелігінде болатын «бюджет», ол еш уақытта әлемде үстемдік етуден бас тартпады және өзінің «филиалдары» арқылы немесе әр түрлі елдерден жаңа […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Павлодар облысында есірткі арнасының жолы кесілді

    ПАВЛОДАР, 28 тамыз. ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысы аумағына есірткі заттарын жеткізу өңірлік арнасын ұйымдастыруға қатысы бар ҚР азаматы К. Құсаиновтың заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті, ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Атап айтқанда, ҰҚК департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде К. Құсаинов 2019 жылғы 1 наурызда өзінің автокөлігімен Қарағанды қаласынан Павлодар қаласына […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда жүз мың адамға діни экстремизм туралы түсіндіріледі

    АЛМАТЫ, 28 тамыз. Оңтүстік астанамызда діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары барысы бойынша  Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы Мониторинг және талдау орталығының Түсіндіру және ұйымдастыру бөлімі басшысы Тұрсын Құдайқұлов сұхбат берді, деп ҚазАқпарат жазады.  — Тұрсын, әлем бойынша діни экстремизм өте қауіпті мәселе. Қазақстанның бұл бағытта өз діни саясаты бар. Мемлекеттік жүйенің бір бөлшегі ретінде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде талибтердің шабуылынан 11 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 августа. Ауғанстанның солтүстіктегі Джаузджан  провинциясында укімет  жасақтары мен «Талибан» радикалды қозғалысының содырларымен қақтығыс болды (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым). Бұл туралы «Синьхуа»агенттігіне сілтеме жасап Regnum  хабарлайды. Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, 26 тамыз күні кешкісін тәлібтер  (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) бірнеше бақылау-өткізу пункттеріне бірқатар шабуыл жасаған. Үш террорист жойылып, тағы үшеуі жарақат алды. […]
    • 5 Years ago
    • 0