Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Египетте төтенше жағдай режимі тағы 3 айға ұзартылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде.  Египетте төтенше жағдай тағы үш айға созылды. Бұл туралы ел президенті Абдель Фаттах ас-Сиси мәлімдеді, деп 24.kz хабарлайды.  Президент бекіткен қаулыда мемлекеттің қарулы күштері мен ұлттық полициясына терроризмнің алдын алу және оларды қаржыландыру жолдарын анықтау, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылған. Айта кетейік, бұл мемлекет басшысының бастамасымен елдегі төтенше жағдай тәртібін оныншы мәрте созу.  […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда лаңкестік шабуылдан 8 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде. 21 шілдеде содырлар Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы полиция бөлімшесіне оқ атты. Кейін оқтан жараланғандарды госпитальге жеткізген сәтте жанкешті әйел ауруханада бомба жарған. Қос шабуылдан кем дегенде сегіз адам мерт болды, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Аудандық полиция жетекшісі Салим Риаз Азаттықтың Пәкістан қызметіне мотоциклмен келген содырлар полицей учаскесінің тексеру пунктіне оқ атып, екі полицей […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Аумағында есірткі сатылған шымкенттік ЖОО-ны арнайы комитет тексереді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде. ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан аумағында есірткі сатылған шымкенттік ЖОО туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Ерболат Мұхамеджан өзінің Facebook парақшасында Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті осы ЖОО-ға тексеріс жүргізіп жатқанын айтқан. «Қазіргі уақытта аталмыш фактіге қатысты тексеріс жүріп жатыр. Білім беру мәселесінде ЖОО-ның меншік нысаны маңызды емес, ең […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда соңғы 10 жылда есірткі тұтынушылар саны азайған

    НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. Қазақстанда есірткі мен ішімдікке тәуелді адамдар туралы статистикалық мәлімет жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Нашақорлық туралы айтатын болсақ, Қазақстанда соңғы 10 жылда наркологиялық тіркеуде тұрған адамдар саны азайған», — дейді Нұр-Сұлтан қаласының наркология және психотерапия орталығының дәрігер-наркологы Тоқтар Қойшыбеков. Дәрігердің сөзінше, елімізде 20 мыңға жуық адам есірткіге және 100 мыңға жуық адам ішімдікке тәуелді. «Бұдан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • АҚШ-та Қазақстан тумасы ИМ қатысқаны үшін сот алдында жауап береді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. АҚШ-та қазақстандық эмигрантқа ДАИШ мергені деген айып тағылды. Бұл туралы Американың Әділет министрлігінің ресми сайтында жазылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Баспасөз хабарламасындағы ақпаратқа сәйкес, Руслан Асайынов Қазақстаннан көшіп кеткеннен кейін Нью-Йоркте, атап айтқанда Бруклин ауданында тұрған. 2013 жылы ол Түркия арқылы Сирияға өтіп, ДАИШ-ке снайпер ретінде қосылған. Әділет министрлігінің ақпараты бойынша, Асайынов террористік ұйымда халифаттың «әмір» мәртебесіне […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядан оралған әйелдер небір сұмдықты бастан кешіргенін айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде.  Sputnik. Күйеуінің соңынан Сирияға кеткен қазақстандық әйелдер шайқас алаңына қалай тап болғанын, сондай-ақ жат жерде бастан өткерген қиындықтары жайлы әңгімелеп берді. Бұл туралы sputniknews.kz  жазады.  Түркістан облысы Шардара ауданының тұрғыны Гүлжан әскери ұрыстар аумағына 2016 жылы отбасымен бірге барған. Бұған дейін отбасы Қазақстанда тұрып, кейін Түркияға жол тартады, деп хабарлады Otyrar.kz. Әйелдің айтуынша, оның күйеуі теріс […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда есірткі сатушыларды іздеу және ұстау бойынша арнайы операциялар өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы Сергей Ильин жедел жұмыс барысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында есірткі сатушылар құрықталғанын айтты, деп ЭХО КАЗАХСТАНА хабарлайды.  “Синтетикалық есірткі алу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Биылғы жылы киви әмиянға ақша салу және аудару жолымен психикалық белсенді заттарды тікелей өткізумен, сондай-ақ елорда […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Шымкент университетінде есірткі притоны анықталды

    ШЫМКЕНТ, 20 шілде. Шымкенттегі оқу орнында есірткі притоны анықталды, деп Шымкент қаласының ПД хабарлайды.  «Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала университеттерінің бірінің спортзалында есірткі затын тұтыну үшін притон ұйымдастырылғанын анықтады», — делінген хабарламада. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 302-бабы 1-бөлігімен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Абаев діни сенім бостандығын ілгерілету жөніндегі конференцияға қатысты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде. 2019 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның бастамасымен шақырылған Діни сенім бостандығын ілгерілету жөніндегі екінші министрлік конференцияның жұмысына қатысты, деп ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайты хабарлайды.  Іс-шараға әлемнің 115 елінен келген сыртқы саяси ведомстволардың басшылары, сондай-ақ 1000-нан астам діни көшбасшылар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыс. Сегіз адам қаза тапты, отыз үш адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН,  19 шілде. Кабулдағы Университет жанындағы жарылыс кезінде қаза болғандардың саны төртке жетті, 16 адам жарақат алды , деп хабарлайды РИА Новости 1TV телеарнасына сілтеме жасап. Бұған дейін екі адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті деп хабарланған. Жарылыстың себебі автокөлікке бекітілген магнитті бомба болды. Жарылыс емтиханның басталуын күтіп тұрған студенттер тобының жанында болды.
    • 5 Years ago
    • 0