Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • БАҚ-АҚШ мемлекеттік хатшысы мен ҚР ҰҚК төрағасы кездесті

    НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір. 26 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Вашингтонда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (ҰҚК) Кәрім Мәсімовпен кездесті деп АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Морган Ортагуске сілтеме жасап Азаттық Радиосы  хабарлады . АҚШ мемлекеттік департаменті сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, Помпео мен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, «арнайы президент уәкілі» Мәсімов елдегі «тарихи транзит» пен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Шри-Ланкада теракт қаупі туралы ескерту жарияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. Шри-Ланка билігі елдегі мешіттерде теракт қауіп-қатері туралы ескерту жариялады. Бұл туралы Islam.ru The Sunday Times ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады. Теракт 26 сәуір, жұма күні болуы мүмкін деген болжам айтылып, мешіттердегі қауіпсіздік деңгейі күшейтілді. «Тағы терактілер болуы мүмкін деген қауіп бар. Осыған байланысты барлық мешіттерде қауіпсіздік күшейтілді. Алаңдамауға болады» деп мәлімдеді Шри-Ланка […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Астана процесі: қандай мәселелер қозғалды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. Елордада Сирия бойынша келіссөздердің он екінші кезеңі өтіп жатыр, деп Хабар 24 агенттігіне сілтеме жасап KAZISLAM хабарлайды. Жиынға Шам жеріндегі аxуал өзек болды. Елордада бас қосқан кепіл мемлекеттер өкілдері «Сирия бойынша 12-ші халықаралық кездесудің қорытынды құжатында ағымдағы жылдың ақпан, сәуір айларында тараптардың күшпен ұсталып отырған азаматтарды босату операциясын сәтті өтті» деп бағалады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Салафилер адам ұрлап, құн талап еткен

    АТЫРАУ, 26 сәуір.  Атырауда бес қабатты үйдің ауласында ҰҚК департаментінің арнайы жасақ қызметкерлері үш адамды ұстағаны жайлы видео таралды. Белгілі болғандай, ашық қылмыс жасаудан тайынбаған «салафизм» деструктивті діни ағымын ұстанушылар адам ұрлап, оған құн талап еткен, деп Sputniknews сілтеме жасап  KAZISLAM жазады. «16 сәуір күні 1990 және 1991 жылдары туған үш жігіт Өзбекстан азаматы С.Я-ны […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Террористер Шри-Ланкадағы шабуылдардың екінші сериясын ұйымдастыруды жоспарлаған

    НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) қолдауымен Thouheeth Jamath тобының террористері екінші жарылыс сериясын ұйымдастыруды жоспарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz . Жергілікті барлау қызметінің мәліметтері бойынша, террористер шабуылдардан   зардап шеккендерді жерлеу кезінде бірнеше жарылыс ұйымдастыруды жоспарлаған. 23 сәуірде ИМ Шри-Ланкада шабуылдарды ұйымдастырды деп жауапкершілікті өз мойнына алды.  Оның өкілдері шабуылдардың мақсаты — террористермен соғысқан әскери коалицияға […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Шри-Ланкада тағы бір жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. Шри-Ланкада тағы бір жарылыс болды. Оқыс оқиға ел астанасы Коломбодан 40 шақырым жерде тіркелді. Бұл жолы зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ, деп «Рейтерс» агенттігіне сілтеме жасап Астана телеарнасы хабарлайды. Бұдан бұрын болған жойқын жарылыстан 359 адамның өмірі қиылды. Полициясы қылмысқа қатысы бар 60 күдіктіні қамауға алған. Белгілі болғандай, қанды шабуылды 9 […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Шри-Ланка үкіметі ланкестік шабуыл қаупі туралы алдын-ала білген

    НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. Шри-Ланка үкіметі лаңкестік шабуыл қаупі туралы алдын ала білген. Бірнеше апта бойы осындай ақпарат тараған. Бұл туралы CNN ел үкіметінің өкілі Раджит Сенаратнеге сілтеме жасай отырып мәлімдеді, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Басылымның мәліметінше, арнайы қызмет пен күш құрылымдарға қауіптің бары жайы мәліметтер 11 сәуірде құжат жүзінде келіп түскен. Тіпті жарылыс жасауы […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сот экстремизм үшін айыпталған қызды кешірді

    НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. Атырау облысында кәмелет жасқа толмаған қыз бала әлеуметтік желіге экстремистік бағыттағы жазбаны жариялағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  KAZISLAM хабарлайды. Жергілікті сотта Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-бөлігімен жасы кәмелетке толмаған Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. «Жасы кәмелетке толмаған Ж. «В Контакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • СІМ: Нұр-Сұлтанға Сирия қарулы оппозициясының өкілдері келді

    НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. Қазақстанда Сирия келіссөзінің он екінші отырысы өтеді. 25-26 сәуірде болатын «Астана процесі» деп аталған мәмілеге қатысуға тараптардың делегациялары келіп жатыр. Олардың арасында Сирия қарулы оппозициясының да өкілдері бар. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап Азаттық радиосы хабарлады. Министрлік таратқан мәлімдеме «Ресей президенттің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев — алғаш […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Шри-Ланка терактісінен 45 бала қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір.Шри-Ланкада болған сериялы терактіден кемінде 45 бала қаза тапқан. Бұл туралы ЮНИСЕФ баспасөз хатшысы Кристоф Булерак Женевада журналистерге берген сұхбатында айтып берді, деп жазады Islam Today. «Қазіргі уақытта жарылыстан қаза тапқан балалар саны 45-ке жетті. Ал жарақат алған балалардың көпшілігінің жағдайы ауыр. Олардың өмірлері үшін дәрігерлер күш салып жатыр» деп атап өтті ол. […]
    • 6 Years ago
    • 0