Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жат ағымның қауіптілігі түсіндірілді

    Қызылорда. 11 сәуір. Жастарды деструктивті діни ағымдардың арбауынан сақтау маңызды іс. Ол үшін жастар мен жасөспірімдер арасында діни экстремизм мен теріс ағымдардың идеологияларына қарсы иммунитет қалыптастыру жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет. Осы мақсатта «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының Дін мәселелелерін зерттеу орталығы» КММ-нің және Ақпараттық түсіндірме тобының ұйымдастыруымен түсіндірме жұмыстарына арналған шаралар атқарылып келеді. Осындай жиынның […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Адасқанның алды жөн, арты соқпақ

    Атырау. 11 сәуір. Мемлекеттің ұстанып отырған діни саясатқа байланысты соңғы кездері халық арасында, соның ішінде жастар, мектеп оқушыларына арналған діни радикализм мен фанатизмнен, экстремизмнен және қазіргі кезде өзекті болып жүрген салафизмнен сақтандыру шаралары азды-көпті аудиториялардың қатысуымен көптеп өткізіліп жүр. Бұл жерде мемлекеттік мүдде тұрғандықтан, оған барынша атсалысу – барлық салалардың міндеті. Осы мәселе жөнінде өткен […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Деструктивтік діни үрдістердің мәселелері

    Астана. 11 сәуір. «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Дін саласындағы ақпараттық қызметті ұйымдастыру» жобасы аясында Қазақстан Республикасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерімен онлайн-сұхбат өткізді. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Әбуов Айдар мырза […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Алматыда діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған 24 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды

    Алматы. 10 сәуір. Алматыда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған 24 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қалалық Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Есенбеков Айдар Рахымжанұлы мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуына қарағанда, қалада дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша азаматтық қоғам институттарының әлеуеті тиімді түрде пайдаланылуда. […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Қазақ даласында діни фанатизм болмаған

    Алматы. 10 сәуір. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында «Зайырлы мемлекеттегі діннің қоғамдағы салт-дәстүрмен сабақтастығы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Діннің қоғамдағы салт-дәстүрмен өзара байланысын, сабақтастығын көрсетуді мақсат еткен басқосуды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, аудан әкімдігінің аппараты мен қалалық Қоғамдық кеңес ұйымдастырды. Шараға отандық және шетелдік дінтанушы ғалымдар қатысты. Конференцияны жүргізген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Дін саласының өзекті мәселелеріне арналған байқау жарияланды

    Алматы. 9 сәуір. Алматыда сәуір-қазан айналарының аралығында дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша мерзімді басылымдар, теле-радио арналары мен интернект ресурстағы үздік материалодар мен  әлеуметік желілердегі ең белсенді топ пен блогерлер арасында байқау өтеді. Оны қалалық дін істері басқармасының әлуеметтік маңызды жобалары негізінде Ұлттық журналистік зерттеу орталығы ұйымдастырып отыр. «НұрОтан» партиясының қолдау көрсеткекн байқаудың жүлде қоры 1 […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Жалған терроризм – қоғам дерті

    Талдықорған. 9 сәуір. Жалған терроризм қоғамдық жаңғыру, жағдайды тұрақсыздандыру сияқты жағымсыз салдарымен қауіпті. Себебі мұндай хабарламаларды тексеру адамдарды жаппай көшіру, оқу және өндіріс процестерін тоқтата тұру қажеттігін туғызады. Жарылғыш заттың орнатылғаны туралы әрбір факті бойынша құқық қорғау органдары және арнайы қызметтер тексеріс жұмыстарын жүргізуге міндетті. Бұл ретте мемлекеттің елеулі материалдық қаражаты жұмсалады. Жастар мен кәмелетке […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Былтырғы жылы әлем бойынша қанша жан терроризм құрбаны болды?

    Мәскеу. 9 сәуір. Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысының орынбасары, Терроризмге қарсы басқарма басшысы Владимир Воронков баспасөз конференциясында террорлық оқиғалардың былтырғы жылғы көрсеткіштерімен бөлісті. Мәлімдемеде айтылғандай, 2017 жылы әлем бойынша 11 000-ға жуық террорлық акт тіркелген. Ал, қаза тапқандардың саны 25 000-ға жуықтаған. «2017 жылы әлемнің жүзден астам елінде 11 000 теракт жасалған. Нәтижесінде 25 000 адам қаза тауып, […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ресейде жеті мигрант «терроризмге қатысы барын» мойындаған

    Самара. 9 сәуір. Самара қаласында «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобына қосылып, Мәскеу, Санкт-Петербург және Екатеринбургте теракт жасамақ болды деген айыппен ұсталған бір топ өзбек мигранттарына қатысты сот ісі аяқталды. Приволжск округтік әскери соты жабық есік жағдайында өткен сотта Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары бар жеті адамды «терроризм», «заңсыз қару саудасы» және «жарылғыш заттарды заңсыз сақтады» […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Дәстүрлі рухани құндылықтар діни тұрақтылықтың тетігі»

    Берік АРЫН,  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі: – Берік Сақбайұлы, қазақтың дәстүрлі сенімі мен қазіргі кейбір діни ұғымдардың арасындағы қайшылықты реттеудің қандай жолы бар? – Қоғамда кез келген ұлттың мәдени ерекшеліктері, ділі, өзіндік дүниетанымы мен руханияты дәстүрлі дінімен сабақтасады. Дін – жеке тұлғаның ішкі жан дүниесіне, тіпті тұтас бір қоғамның ішкі ахуалына тікелей ықпал […]
    • 7 Years ago
    • 0